«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қамқорлық аясы кең

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық ардагер­лер кеңесі төралқасының кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа қалалық, аудандық ардагерлер ұйымдарының төрағалары мен өкілдері, мемлекеттік мекемелер мамандары және қоғам белсенділері қатысты.

Жиынға қатысушылар облыс­тық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Анатолий Корабель­никовтың республикалық “Қарттар­ға қамқорлық” және облыстық “Ар­дагерлерге жүрегіміздің жомарт­тығы!” атты қайырымдылық науқандарының қорытындылары туралы баяндамасын тыңдады. Бұл жоба­ларды талқылау барысында әлеуметтік маңызы зор шара­ларды жетілдіру жолдары қарастырылды.

– Біз қартын қазынаға балап, төрінен орын берген халықтың ұрпақтарымыз. Қариялар қай кезде болмасын қолдаудан кенде бол­мауы тиіс. Осы мәселе бүгінгі жиынның негізгі өзегіне айналды. Әкімдік, өзге де мекемелер тарапы­нан алдыңғы толқынға материал­дық көмектер көрсетіліп тұрады. Жуырда дәрігерлер қарттарға ар­нап “ашық есік” күнін ұйымдастырды. Ауылдық жерлерде жалғыз тұратын қарттардың отын-шөбін, суын әкеліп беретін еріктілер аз емес. Біз қазақ жастарының бойына “атаңа не қылсаң, алдыңа сол келе­ді” деген тәмсілді сіңіруіміз керек, – деді Петропавл қалалық ар­дагерлер кеңесінің төрағасы Жан­келді Тәжин.

Мамлют аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Омаров жиынға қатысушыларды “Солтүстік Қазақстан облысының та­рихы” жо­басының жүзеге асырылу барысы­нан хабардар етті. Ол туған өлкенің мәдени-тарихи мұрасын зерделеу және жастарды аға ұрпақтың еңбек және адамгершілік дәстүрлері ру­хында тәрбиелеуге бағытталған бұл жоба аясында ау­дандардағы ар­дагерлер ұйымдары белсенді жұ­мыс атқарып жатқанын жеткізді.

– Елдің шетінде, желдің өтінде орналасқан өңіріміздің тарихы те­рең­де жатыр. Оның әр ауданы мен елді мекенінің тарихын бес сау­сақтай білуіміз керек. Жалпы шека­ра маңындағы аудандарда тарихи, танымдық шаралар жиі өткізілсе деймін. Мысалы, өзім тұрып жатқан Мам­лют шекара шебіндегі аудан са­налады. Тұрғындар арасында жас­тарды елжандылыққа үндейтін идеоло­гиялық жұмыстар жүргізілсе нұр үстіне нұр. Сонымен қатар ше­кара маңындағы ауылдардың әлеуметтік, экономикалық, ауыл ша­руа­шылығы бойынша әлеуетін кө­теру­ге мән берілгені абзал, – деді ол.

Биыл қажырлы еңбектерімен еліміздің дамуына үлес қосқан бір­қатар ардагердің мерейтойлары аталып өтілді. Еңбек ардагері, Ақ­қайың аудандық ардагерлер кеңе­сінің төрайымы Наталья Брысен­кова облыстық ардагерлер кеңесі­нің Құрмет грамотасымен, Тайынша аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Анатолий Рафальский, он жылдан астам әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер және ардагер­лердің денсаулығы жөніндегі тұрақты комиссияны абыроймен басқарған Амангелді Кенжеғозин Алғыс хатпен марапатталды.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp