«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Күшейтілген қызмет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Дүйсенбіден бастап солтүстікқазақстандық полицейлер қызметтің күшейтілген түріне көшті. Ішкі істер министрлігінің бастамасымен елімізде он күндік “Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның ерекшелігі – “Amanat” партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жұртшылық, волентерлар, мен блогерлер полиция қызметкерлерімен бірге тексеріске шығады.

Шараның алғашқы күні Тимирязев ауданындағы дәмханалардың бірінен заңсыз алкоголь өнімдері тәркіленді. Дәмхананың иесіне қа­тысты әкімшілік материал толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Сондай-ақ бірінші күннің қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында қайта құқық бұзған Петропавл қа­ласының 27 жасар тұрғыны анықталды. Ол бұған дейін де мас күйде бірнеше рет отбасылық жанжал шығарған. Сот оның тәртібіне қатысты ерекше талаптар елгілеп, алты ай мерзімге алкоголь ішуге тыйым сала отыра, он тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Биылғы жылдың он айының қорытындысы бойынша қоғамдық орындардағы қылмыс саны 18, көшеде жасалған қылмыс 12 пайызға азайған. “Құқықтық тәртіп” операциясы 30 қарашада аяқталады.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp