«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерейлі мезет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Мағжан Жұма­баев атындағы жоғары колледжі 103 жылдығын атап өтті. Кол­ледж қабырғасында мерейтойға орай салтанатты шара ұйымдасты­рыл­ды. Жиын­да облыстың білім беру жүйесін да­мытуға зор үлес қосқан оқытушыларға білім басқар­ма­сының Құр­мет грамоталары мен Алғыс хат­тары табысталды.

Салтанатты шарада колледжі­ші­лік “Үздік оқытушы – 2023” кәсіби ше­берлік байқауының қорытын­ды­сы жарияланды. “Шығармашылық және шабыт”, “Білімпаз оқытушы”, “Жас­тық шақ және талант” ата­лымдары бойынша жеңімпаздар марапатталды.

Шара студенттер ұйымдас­тыр­ған концерттік бағдарламаға ұлас­ты.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp