«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қараша 23, 2023

Тыйым сөз – тәрбие құралы

Жас балаларды адал, шыншыл, батыл болуға тәрбиелеу – ата-анаға да, ұстазға да ортақ міндет. Халқы­мыздың бала тәрбиесіндегі басты құралының бірі – ауыз әдебиетіндегі тәрбиелі сөздер. Мысалы, балалар тақпағы, бесік жыры, баланы әлди­леу, жұбату термелері, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мысал, ертегі, сөз- жұмбақ, қария өсиеттері – халқымыз ғасырлар бойы кеңінен пайдалана беретін асыл қазыналар. Ұлағатты, тәрбиелі сөздердің маңызы …

Тыйым сөз – тәрбие құралы Read More »

Алғашқы олимпиада

Елімізде ауыл мектептері оқу­шы­лары арасындағы республика­лық пәндік олимпиаданың бірінші кезеңі басталды. Пәндік олимпиа­дада 85 мыңнан астам жоғары сы­нып оқушысы бақ сынамақ. Ал об­лыста білім сайысына 3 мыңға жуық бала қатысады. Дода 13 пән бойынша өтеді. Оқушылар тек қа­лам және қағазбен кіруі қажет. Олардың іс-әрекеті камералар ар­қылы қадағаланады. Мұндай іс-шара елімізде бірінші рет ұйымдас­тырылып отыр. Мәселен, …

Алғашқы олимпиада Read More »

Пайдалы тағылымдама

Назарбаев зияткерлік мек­тебінде облыстағы мек­теп директорларының орынба­сар­лары тағылым­дамадан өт­ті. Олар бір апта көлемін­де тәжірибе жинақ­тап, қаладағы жетекші білім беру ме­ке­месінің жұмысымен та­ныс­ты. Тағылымдаманың әр күнінде ди­ректорлардың орынбасарлары оқы­ту сапасын басқару, сабақ кестесін “Edupage” қосымшасының көмегі­мен оңтайландыру, ұстаздардың жос­­пар­лау, оқыту және бағалау дағды­ла­рын жетілдіру, педагог қызмет­керлерді аттестаттау, әдістемелік жұ­мыстың құрылымы мен мазмұны, жас мамандарға тәлімгерлік жасау …

Пайдалы тағылымдама Read More »

Мерейлі мезет

Петропавлдағы Мағжан Жұма­баев атындағы жоғары колледжі 103 жылдығын атап өтті. Кол­ледж қабырғасында мерейтойға орай салтанатты шара ұйымдасты­рыл­ды. Жиын­да облыстың білім беру жүйесін да­мытуға зор үлес қосқан оқытушыларға білім басқар­ма­сының Құр­мет грамоталары мен Алғыс хат­тары табысталды. Салтанатты шарада колледжі­ші­лік “Үздік оқытушы – 2023” кәсіби ше­берлік байқауының қорытын­ды­сы жарияланды. “Шығармашылық және шабыт”, “Білімпаз оқытушы”, “Жас­тық шақ және …

Мерейлі мезет Read More »

КӘСІПТІК БІЛІМ СҰРАНЫСҚА ИЕ

Қазақстандағы кәсіптік білім беру тарихы 19 ғасырдың 80-жылдарында Торғайдағы қолөнер училищесінен бас­талды. 1940 жылы 2 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы­ның “КСРО мемлекеттік еңбек ре­зервтері туралы” жарлығымен және Қазақ КСР халық комиссарларының қаулысымен Қазақстанда білікті жұ­мысшы кадрларды даярлаудың мем­лекеттік жүйесі құрылды және бұл күн мемлекеттік кәсіптік білім беру жүйе­сінің туған күні ретінде тарихқа енді. Осы кезеңде …

КӘСІПТІК БІЛІМ СҰРАНЫСҚА ИЕ Read More »

Көкөніс өсіруде көш ілгері

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Тайынша ауда­нының әлеуметтік экономикалық дамуы және аудан тұрғындарының әлауқатын арттыруға бағытталған жұмыстар баяндалды. Экономиканы дамыту және жал­пы өндіріс тиімділігін арттыру үшін инвестицияның қосар үлесі зор. Биыл­ғы жылдың 10 айына қорытын­ды жасаған аудан әкімі Берік Әлжа­нов негізгі капиталға салынған ин­вес­тициялар көлемі 32,1 млрд. тең­гені құрағанын мәлімдеді. Ауданның көркеюі үшін тартылған инвестиция­лардың негізгі бөлігі …

Көкөніс өсіруде көш ілгері Read More »

Дайындық — үздік ауыл

Біздің облыста бүкіл Қазақстанға аты шыққан, “Үздік 30 ауыл” байқауының жеңімпазы болған ерекше елді мекен бар. Ауылдың басқалардан басты ерекшелігі – тұрғындарына жасалған жайлы жағдай. Аққайың ауданына қарасты Да­йындық ауылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты ұйымдас­тырылған “Үздік 30 ауыл” рес­публикалық байқауының жеңімпазы атанды. Байқау шарты бойынша үздіктер қатарына кіру оңай болма­ды. Әрбір ауылдың өзіне тән ерекшеліктері …

Дайындық — үздік ауыл Read More »

Емтихан ережесі күшейтілді

Теориялық емтихан тапсыру үшін “ЖЖЕ 3.0” жаңа жүйесі енгелі бе­рі тексеріс ережелері күшейді. Со­ның нәтижесінде, Шымкент қала­сын­­­да, Түркістан, Ақтөбе және Ал­ма­ты облыстарында емтихан тап­сы­ру ережелерін бұзған азаматтар­дың нәтижелері күшін жойды. Жаңа жүйенің арқасында “Азаматтарға арналған үкімет” КЕ АҚ” мемлекеттік корпорацияның ма­ман­дары қызмет алушылардың ем­тихан барысында жеке компьютер­лерге қа­шықтан қосылуға мүмкіндік беретін микроқұлаққаптарды, “HDMI” сплит­терді қолданғаны …

Емтихан ережесі күшейтілді Read More »

Теңдессіз қондырғы

М.Қозыбаев атындағы СҚУ HBD 350 заманауи өнеркәсіптік 3D-принтерін сатып алды. Бүгінгі күні Қазақ­станның жоғары оқу орындарында мұн­дай жабдық әзірге жоқ. Осылайша “Көлік және машина жасау” кафедра­сы еліміздегі лазерлік технологиялар трансфертінің бірегей алаңына ай­налды. HBD 350 өнеркәсіптік 3D принте­рі авиация, ғарыш, машина жасау, мұнай-газ өнеркәсібі, медицина, ме­таллургия және басқа да салалар үшін күрделілігі мен дәлдігі жоғары …

Теңдессіз қондырғы Read More »

ШЕКАРАДАҒЫ ШЫРҒАЛАҢ

“Бидайық” кеден беке­тін­де 1 қарашадан бастап “электронды кезек” атты жаңа жүйе енгі­зілгені бұған дейін жазылған. Осы жаңа жүйеге байланысты кеше теріскейлік тауар тасушылар наразылығын білдіріп, арнайы жиын өткізіп, облыстық кәсіпкерлер палатасына шағым жолдады. Биылғы маусым айынан бері Ре­сей тарапы электронды кезек жүйе­сін енгізген болатын. Қазақстаннан келетін әрбір тауар тасымалдау кө­лігін, жүргізушісін, көліктегі тауарын бастан-аяқ тексеріп …

ШЕКАРАДАҒЫ ШЫРҒАЛАҢ Read More »

Өңірдегі өнер бәйгесі

Биыл Алаштың ардақтысы, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толды. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі бағыттағы рухани шаралар ұйымдастырылуда. Соның бір шоғыры өңір аудандарында өтуде. Облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс орталығы “Мағжан жыры – мәңгілік” деген атаумен байқау жариялаған болатын. Арнайы құрылған қазылар алқасы аудандарды аралап, ондағы ұжымдардың өнерлері мен жеткен жетістіктерін саралмақ. Сайыстың …

Өңірдегі өнер бәйгесі Read More »

Тартысқа толы ойын

Петропавлда волейболдан әйелдер командалары арасында ел біріншілігінің бірінші туры өтіп жатқаны белгілі. Осы жарыс аясында суперкубок сарапқа салынды. Жергілікті “Қуаныш” командасы “Алматы” клубымен кездесті. Ереже бойынша суперкубок өткен маусымдағы ел чемпионы мен кубок иегерінің арасында өтетіні белгілі. “Қуаныш” – кубок иегері, ал ел чемпионы атанған “Алтайдың” құрамындағы негізгі волейболшылар кетіп қалғандықтан, Қазақстан волейбол федерациясының шешімімен …

Тартысқа толы ойын Read More »

Күшейтілген қызмет

Дүйсенбіден бастап солтүстікқазақстандық полицейлер қызметтің күшейтілген түріне көшті. Ішкі істер министрлігінің бастамасымен елімізде он күндік “Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның ерекшелігі – “Amanat” партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жұртшылық, волентерлар, мен блогерлер полиция қызметкерлерімен бірге тексеріске шығады. Шараның алғашқы күні Тимирязев ауданындағы дәмханалардың бірінен заңсыз алкоголь өнімдері тәркіленді. Дәмхананың иесіне қа­тысты әкімшілік материал …

Күшейтілген қызмет Read More »