«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПТІК БІЛІМ СҰРАНЫСҚА ИЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстандағы кәсіптік білім беру тарихы 19 ғасырдың 80-жылдарында Торғайдағы қолөнер училищесінен бас­талды. 1940 жылы 2 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы­ның “КСРО мемлекеттік еңбек ре­зервтері туралы” жарлығымен және Қазақ КСР халық комиссарларының қаулысымен Қазақстанда білікті жұ­мысшы кадрларды даярлаудың мем­лекеттік жүйесі құрылды және бұл күн мемлекеттік кәсіптік білім беру жүйе­сінің туған күні ретінде тарихқа енді. Осы кезеңде бастауыш кәсіптік білім беру мекемелері 5 миллионнан ас­там жұмысшы маман­дар даярлады. Олардың көпшілігін ел мақтан тұта­ды. Кадр­лар­ды кәсіби-техникалық даярлау үздіксіз білім беру жүйе­сіндегі тұл­ғаның кәсіби және аза­маттық қа­лыптасу мектебіндегі ма­ңызды буын­ға айналды.

19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасыр­дың басында жеті кәсіптік-техника­лық мектеп және жалпы білім беру мектептері жанындағы бірнеше фи­лиал­дар жұмыс атқарса, 1920 жылы 17 кәсіптік-техникалық оқу орны бол­ды. Қазақстан экономикасының да­муы­мен бір мезгілде соғыс алдын­дағы жылдары жұмысшыларды даяр­лау жүйесі қалыптасты.

ХХ ғасырдың 50-жылдары Сол­түстік Қазақстанда тың және тыңай­ған жерлерді игеру басталды. Осыған байланысты ауыл шаруашылығын механикаландыру мектептері ұйым­дастырылды.

Тайынша агробизнес колледжінің тарихы 1959 жылдан бастау алады. 1959 жылғы №1 бұйрық негізінде №130 Октябрь ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесі ұйым­дас­тырылды. Содан кейін 1985 жылы Красноармейск қаласына ауысуына байланысты ол СПТУ-15 болып өзгертілді. 1995 жы­лы 1 қыркүйекте Көкшетау облыстық кә­сіптік-тех­никалық білім басқарма­сы­ның және Көкшетау облыстық әкім­шілігінің шешімі негізінде училище №-15 кәсіптік-техникалық лицей бо­лып қай­та құрылды. Көптеген жыл­дар бойы ол ауданда ауыл шаруа­шылығына кадрлар даярлайтын жал­ғыз негізгі оқу орны болды.

Жарты ғасыр ішінде мыңдаған тү­лек­ үлкен өмірге жолдама алды. Бірінші директоры болып Н.И.Кры­лов таға­йын­далды. Одан кейін С.Ж.Жүніс­беков, А.М.Процко, И.Т.Червинский, И.К.Ғабдуллин, Э.Э.Гарвардт, В.А.Пос­­полита, Х.Т.Нұрғалиевтер сара жолды жал­ғастырды. Ұзақ жылдар бойы оқу орнына еліміздің білім беру ісінің үздігі Б.А.Жақыпова басшылық етті.

Біздің колледж – ауданымыздағы ауыл шаруашылығына кадрлар да­ярлайтын бірден-бір іргелі оқу ор­ны. 64 жыл ішінде мыңдаған түлек ма­мандық ал­ды. Мұн­да өңірде сұра­нысқа ие “Ауыл шаруа­шылығын ме­ханикалан­дыру”, “Ферма шаруашы­лығы”, “Ауыл шаруашы­лы­ғы техника­сына техника­лық қызмет көрсету және жөндеу”, “Тамақтанды­руды ұйымдастыру”, “Дәнекерлеу ісі”, “Ғимараттар мен құ­рылыстарды салу және пайдалану” ма­мандықтары бо­йынша кадр даярланады

Кәсіптік-техникалық оқытудың мақ­саты – еңбек нарығында сұра­нысқа ие, жоғары білікті жұмыс­шы кадрларды даярлау. Бұл – ауыл ша­руашылығында жә­не ауданның өнер­кәсіптік кәсіп­орындарында қажет білікті жұмыс­шылар.

Колледждің оқу ғимараты 425 орынға арналған. Оқу корпусында 15 оқу кабинеті, мұғалімдер бөлмесі, кі­тапхана, оқу залы, медициналық ка­би­нет, асхана, спорт залы және кол­ледж әкімшілігінің кабинеттері орна­лас­қан. Колледждің 100 орындық ас­ханасы бар. Студенттер ыстық та­мақпен қамтылған. Оқу-өндірістік үй-жайларға 4 шеберхана, екі зертхана кіреді. Колледж аумағында 100 адам­ға арналған жатақхана, “Ауыл ша­руашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі” және “Автомобиль жүргізу­шісі” біліктілігі бойынша жеке жүргізу­ді ұйымдастыру үшін авто және трак­тодромдар мен қажетті техника бар. Оқу және әдістемелік әдебиет­тер­мен қамтамасыз етілген, кітап қоры жыл сайын жаңартылып тұрады. Кол­ледж­де компьютерлермен жабдық­тал­ған 4 кабинет және интернет же­лісіне қосы­латын мультимедиялық кабинет бар.

Өткенсіз болашақ жоқ демекші, біздің педагогикалық колледжде 20 жылдан астам жұмыс атқарған еңбек ардагерлері Валентина Марчев­ская, Нина Солянная, Галина Радом­ская, Людмила Рябыкина, Наталья Ур­банович, Бақыт Жақыпова, Нико­лай Фролов, Валентина Савенко, Свет­лана Духова, Нина Кряхтунова, Люд­мила Журавская, Иосиф Сед­лецкий, Лариса Зайцеваның оқу ор­нының дамуына қосқан үлесі зор.

Колледж Тайынша ауданының кә­сіпорындарымен әлеуметтік әріптес­тік орнатты. Дуальды оқыту шеңбе­рінде мамандарды даярлауда және колледж студенттерін практикалық оқытуды ұйымдастыруда әлеуметтік әріптестермен үш жақты шарттар жа­салды. Әлеуметтік серіктестер ауыл шаруашылығы және қоғамдық тамақ­тану саласындағы шағын және орта бизнестің базалық кәсіпорын­дары болып табылады. Олар – “Тайынша Астық”, “Агроном Тайынша”, “Степ­нои­шимская опытная станция”, “Ас­тық STEM”, “Вишневское”, “Плем­завод Алабота”, “Тұлпартайынша”, “Та­мыз Агро Инвест”, “Ильич Тайын­ша”, “ТайыншаКоммунСервис” жа­уап­кершілігі шектеулі серіктестіктері, “Жумабеков А.С.”, “Егимбаев С. З.”, “Стасов Г.А.”, “Николюк Е.В.”, “Казбе­кова Ж. М.”, “Арнольд С.” жеке кәсіп­керліктері, “Әлжан” шаруа қожалығы.

Колледж еңбек нарығында сұра­нысқа ие білікті кадрлар даярлауда. Бұл – оқу ор­нында кәсіптік-техникалық білім бе­ру сапасы жоғары дең­гейде екенінің дәлелі.

Даулыбай ТАШЕТОВ.

Тайынша агробизнес колледжінің директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp