«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Теңдессіз қондырғы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы СҚУ HBD 350 заманауи өнеркәсіптік 3D-принтерін сатып алды. Бүгінгі күні Қазақ­станның жоғары оқу орындарында мұн­дай жабдық әзірге жоқ. Осылайша “Көлік және машина жасау” кафедра­сы еліміздегі лазерлік технологиялар трансфертінің бірегей алаңына ай­налды.

HBD 350 өнеркәсіптік 3D принте­рі авиация, ғарыш, машина жасау, мұнай-газ өнеркәсібі, медицина, ме­таллургия және басқа да салалар үшін күрделілігі мен дәлдігі жоғары металл бұйымдарын жасауға мүм­кіндік береді.

Бұл жабдықты серіктес ретінде Top 3D Shop компаниясы жеткізді. Мамандар бір апта бойы жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамына аддитивті қондырғы­лар мен бағдарламалық қамтамасыз ету­ді қолдануды үйретті. Нәтижесінде олар сертификаттаудан және ем­ти­хандық тестілеуден сәтті өтті. Енді басқа мамандарды, соның ішінде ком­мерциялық сектор өкілдерін сер­тификаттау мүмкіндігіне ие.

Сабақ барысында болашақ ин­женерлер жаңа техникамен таныс­ты. Зертханада магистранттар мен док­торанттар да білім алатын бола­ды. Алдағы уақытта ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар үшін HBD 350 3D-принтерін пайдалану жоспарланып отыр.

Диана ХАЛИМОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың медиа орталығының бас редакторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp