«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Пайдалы тағылымдама

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Назарбаев зияткерлік мек­тебінде облыстағы мек­теп директорларының орынба­сар­лары тағылым­дамадан өт­ті. Олар бір апта көлемін­де тәжірибе жинақ­тап, қаладағы жетекші білім беру ме­ке­месінің жұмысымен та­ныс­ты.

Тағылымдаманың әр күнінде ди­ректорлардың орынбасарлары оқы­ту сапасын басқару, сабақ кестесін “Edupage” қосымшасының көмегі­мен оңтайландыру, ұстаздардың жос­­пар­лау, оқыту және бағалау дағды­ла­рын жетілдіру, педагог қызмет­керлерді аттестаттау, әдістемелік жұ­мыстың құрылымы мен мазмұны, жас мамандарға тәлімгерлік жасау бағыттары бойынша пайдалы ақпа­рат­пен танысты.

– Бірінші күннен бастап мектеп­тің миссиясымен таныстыру, оқу тәр­бие, ғылыми бағыттағы жұмысты жос­парлау бойынша тәжірибемен та­ныс­тырылды. Тағы­лымдамадан өту­шілерге жоспар­лан­ған бағдарлама бойынша тео­риялық және практи­калық білім бер­дік. Назарбаев зият­керлік мектеп­терінің тәрбиелік ба­ғыттағы жобала­рын жүзеге асыру бойынша сессия ұйымдастырдық, – деді Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары Сәулет Мұқанова.

Назарбаев зияткерлік мектебін­де Уәлиханов және Шал ақын аудан­дарының, сондай-ақ қаладағы гим­назиялар мен лицейлер директор­ларының орынбасарлары тағылым­дамадан өтті.

Тағылымдама педагогикалық ше­берлік орталығының “Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы” кадр­лық резерві жобасының аясында өтті. Барлық кезеңдерден сүрінбей өткен үміткерлер алдағы уақытта бос тұрған мектеп директоры лауа­зымдарына байқаусыз қабылдана­тын болады.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,

Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp