«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛАПТЫҢ МІНІП ТҰЛПАРЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының шәкірттері қараша айының 14-17 күндері аралығында өткен “Астана – Мерей” ХІХ халықаралық байқауына қатысып, жүлдемен оралды.

Халық аспаптары бөлімінің тәрбиеленушілері Жанболат Әшкен, Шырайлым Нұрлан, Нұрсұлтан Тайжан жүлделі 3 орынға ие болды.  Алтынай Әбілқайырға арнайы диплом бұйырды.

– Байқауға қатысқандар жастары бойынша бірнеше топқа бөлінді. Қазылар алқасы үміткерлердің орындаушылық деңгейлеріне, дауыс ырғақтарына, туындыны жеткізе алу қабілеттеріне мән берді. Мұндай сайыстардың жас талапкерлерге берері мол. Олар сахнада өздерін қалай ұстауды үйренеді, жаңа достар табады, – дейді білім ордасының ұстазы Тойкен Күдерова.

Талапкерлер байқауда халық композиторларының туындыларын  орындаған.

Аманжол Нұртазин,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp