«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қараша 25, 2023

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛ ПЕРЗЕНТІ

Қазақ баспасөзінің тарихында ойып алар орны бар, іргесін Мағ­жан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Қош­ке Кемеңгеров, Ғаб­бас Тоғжа­нов, Бек­мұхамет Серкебаев сынды Алаш­тың ардақ­тылары қалаған, сар­ғайған беттерінде небір айтулы тұл­ға­лардың қолтаңбасы қалған, халық “қарашаңырақ” деп қас­тер­лейтін, Есіл өңірінің болмысындай өріліп, өмір құбы­лыс­тарын боямасыз өр­нек­теп келе жатқан, ғұмыры ғасыр­мен өл­шенетін басылым – “Soltüstık Qazaqstan” газетінің та­рихы бай әрі терең, …

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛ ПЕРЗЕНТІ Read More »

Ақан серінің домбырасы

Ән өнері шырқау шегіне жетіп, қазақ мәдениеті мен өнерінің “алтын ғасыры” аталған ХIХ ғасырдағы сал-серілік мектептің көрнекті өкілі – Ақан серінің домбырасы Алматы төріндегі Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайында сақтаулы тұр. Саналы ғұмырын Ақан серінің мұрасы мен шығармашылығын түбегейлі зерттеуге арнап, соңына ақтаңгер әнші туралы  ғажайып роман жазып қалдырған белгілі жазушы Сәкен Жүнісовтің үйінде …

Ақан серінің домбырасы Read More »

КӨКТАЙҒАҚТЫҢ КЕСІРІ

Өңір аумағындағы құбылмалы ауа райы көктайғаққа ұласып, соның салдарынан құлап, жарақат алғандар көбеюде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының травматология бөлімшесі бір күнде 400-ге жуық адамды қабылдаған. Оның 99-ы – көшеде тайып құлап, аяқ-қолдарын сындырғандар. Қалғандары түрлі жарақат алған. Ал жағдайы ауыр 26 адам ауруханаға жатқызылған. Дәрігердің көмегіне …

КӨКТАЙҒАҚТЫҢ КЕСІРІ Read More »

Айыппұлмен құтылды

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағаны үшін №48 түзету мекемесі бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкімі шықты. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, колония басшысының орынбасарына алаяқтық жолмен пара алды деген айып тағылған.  Тергеу барысында оның үстіміздегі жылдың жазында жәбірленушіге колония аумағында орналасқан тозығы жеткен механикалық цех ғимаратын бөлшектеу және құрылыс материалдарын шығару құқығын бергені үшін 400 …

Айыппұлмен құтылды Read More »

ТАЛАПТЫҢ МІНІП ТҰЛПАРЫН

Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының шәкірттері қараша айының 14-17 күндері аралығында өткен “Астана – Мерей” ХІХ халықаралық байқауына қатысып, жүлдемен оралды. Халық аспаптары бөлімінің тәрбиеленушілері Жанболат Әшкен, Шырайлым Нұрлан, Нұрсұлтан Тайжан жүлделі 3 орынға ие болды.  Алтынай Әбілқайырға арнайы диплом бұйырды. – Байқауға қатысқандар жастары бойынша бірнеше топқа бөлінді. …

ТАЛАПТЫҢ МІНІП ТҰЛПАРЫН Read More »

Сотты алдамақ болған

Еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес, аса ірі мөлшерде есірткіні сатқандарға 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Көп жағдайда қылмыскерлер жауапкершіліктен жалтару үшін есірткіні өзі пайдалану үшін сатып алғандарын айтып, құқық қорғау органдарын сендіруге тырысады. Мәселен, наурыз айында “мефедрон” және “тұз” деп аталатын есірткімен ұсталған 22 жастағы петропавлдық сот отырысында жалпы салмағы …

Сотты алдамақ болған Read More »

Дара туған дарын

Еліміз тәуелсіз мемлекет атанғалы бері көгалдағы хоккейден талай құрлықтық және әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысқаны белгілі. Дегенмен әлі күнге дейін көк шөпте өнер көрсететін спортшылардың биік шыңдарды бағындырғандарын байқаған емеспіз. Кеңес өкіметі тұсында бұл спорт түрі біздің елде ерекше дамыған еді. Оған дәлел – саңлақтарымыздың одақ құрамасына ілігіп, дүниежүзілік додаларда өнер көрсетуі. Жасындай жарқылдаған жерлесіміз Саян …

Дара туған дарын Read More »

Тиімді жобалар

Биыл облыстағы шағын және орта бизнесті қолдауға бюджеттен 12,5 млрд. теңге бөлінген. Оның 10,6 млрд. теңгесі субсидиялауға, 37 млн. теңге қаражат мемлекеттік грант есебінде берілген.  Нәтижесінде, 2023 жылдың 1-тоқсанында шағын және орта бизнес өкілдерінің өнімі өткен жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға өскен. Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында айтылды. Қазіргі уақытта өңірде 35 300 шағын …

Тиімді жобалар Read More »

Қалдықтан биоотын жасамақ

Өңір кәсіпкерлері  экологиялық таза брикеттер жасап шығару үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы даму бағдарламасының арнайы грантына ие болды. Бұл грант кәсібін табысты жүзеге асырып отырған бизнес өкілдеріне беріледі. “Asia Wood’s” серіктестігі мен “Жақыпов” шаруа қожалығы алдағы уақытта биомассадан брикеттер жасап шығару жұмысын қолға алмақ. Яғни, олар ауыл шаруашылығы мен ағаш өңдеу қалдықтарын пайдалана отырып, отын брикеттерін …

Қалдықтан биоотын жасамақ Read More »

Cуармалы егіс пайдалы

Өңірлік коммуникациялар қыз­метінде өткен кезекті баспасөз мәс­лихатында Айыртау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы сөз болды. Аудан әкімі Ерболат Бек­шенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақ­станның экономикалық бағдары” Жолдауында айтылған бастамаларды іске асыру бойынша атқарылған жұмыстарды жіпке тізгендей баяндады. Ауданның әлеуетін көтеретін негізгі бағыттардың бірі – ауыл ша­руашылығы өнімдерін өндіру, инфра­құрылымды дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту. …

Cуармалы егіс пайдалы Read More »

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДАН АЛДАМЫЗ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық мәслихат депутаттарының алдында есеп берді. Облыстың биылғы 10 айдағы даму қорытындыларын баяндап, алдағы уақытта атқарылатын шаруаларға тоқталды. Облыс әкімі депутаттарды ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп сала­ларында жүзеге асып жатқан жоба­лардан хабардар етті. “2023 жылы облыс бюджеті 420 млрд. теңгеден 499 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды. Қаржының негізгі көлемі әлеуметтік нысандарды салуға, жолдарды …

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДАН АЛДАМЫЗ Read More »

ӘЛІ ЖАРЫҚСЫЗ ОТЫРҒАНДАР БАР

Өткен аптада өңірде қарлы дауыл салдарынан электр же­лі­лері үзіліп, бағандардың сынуына бай­ланысты об­лыстың 183 ауылы жарық­сыз қалған. “Солтүстік Қазақстан электр та­рату компаниясы” акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, жөндеу жұмыста­рына барлығы 46 апаттық бригада мен 180-нен астам техника жұмыл­дырылған. Алайда жарық толық бе­рілген жоқ. 16 ауылдың тұрғындары, яғни, 1175 абонент әлі күнге дейін жарықсыз отыр. …

ӘЛІ ЖАРЫҚСЫЗ ОТЫРҒАНДАР БАР Read More »

Қазақ әнінің падишасы

Биыл қазақтың классикалық музыкасының негізін салушылардың бірі, алтын ғасырдағы ән діңгегі, ұлы композитор, аруақты ақын һәм асқақ әнші Ақан сері Қорамса­ұлының туғанына 180 жыл толды. Серінің серт үстіндегі семсердей ғажайып әндері – асыл мұрамыз. Біз бұған Алаш ардақтысының есімін иеленген облыстық филармонияда өткен Ақан сері Қорамсаұлы атындағы II республикалық дәстүрлі әншілер байқауында көз жеткіздік. Байқаудың …

Қазақ әнінің падишасы Read More »