«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Айыппұлмен құтылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағаны үшін №48 түзету мекемесі бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкімі шықты.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, колония басшысының орынбасарына алаяқтық жолмен пара алды деген айып тағылған.  Тергеу барысында оның үстіміздегі жылдың жазында жәбірленушіге колония аумағында орналасқан тозығы жеткен механикалық цех ғимаратын бөлшектеу және құрылыс материалдарын шығару құқығын бергені үшін 400 мың теңге пара алғаны белгілі болды.

– Сотталушы кінәсін толық мойындады. Прокурор  сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Алайда сот айыпталушының балаларының болуын, кінәсін мойындауын есепке алды, – дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Динара Төлеңгітова.

Сот үкімімен ұрланған қаржының 10 еселенген мөлшерде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, ол 4 млн. теңгені құрады. Сотталған адам өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және әділет подполковнигі арнайы атағынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp