«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨКТАЙҒАҚТЫҢ КЕСІРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір аумағындағы құбылмалы ауа райы көктайғаққа ұласып, соның салдарынан құлап, жарақат алғандар көбеюде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының травматология бөлімшесі бір күнде 400-ге жуық адамды қабылдаған. Оның 99-ы – көшеде тайып құлап, аяқ-қолдарын сындырғандар. Қалғандары түрлі жарақат алған. Ал жағдайы ауыр 26 адам ауруханаға жатқызылған.

Дәрігердің көмегіне жүгінгендердің денінің иығы, тобығы шыққан. Мамандар көп жағдайда тұрғындардың қоғамдық көлікке қарай асығыс жүріп бара жатқанда құлайтынын айтады. Содан жарақат алады. Науқастардың барлығына тиісті медициналық көмек көрсетілген.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp