«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сотты алдамақ болған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес, аса ірі мөлшерде есірткіні сатқандарға 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Көп жағдайда қылмыскерлер жауапкершіліктен жалтару үшін есірткіні өзі пайдалану үшін сатып алғандарын айтып, құқық қорғау органдарын сендіруге тырысады.

Мәселен, наурыз айында “мефедрон” және “тұз” деп аталатын есірткімен ұсталған 22 жастағы петропавлдық сот отырысында жалпы салмағы 28 грамнан асатын синтетикалық психотроптық заттарды (бұл 300-ге жуық бір реттік дозаны құрайды) пайдалану үшін сатып алғанын айтып ақталған. Оның үстіне, жас жігіттің айтуынша, ол тек “мефедронды” ғана сатып алған, ал екінші есірткі оған “көтерме сатып алушыға” берілген “бонус” ретінде жіберілген. Сотты жаңылыстырмақ болған әрекеті жүзеге аспады.

Тергеу барысында жүргізілген сараптама нәтижесі ер адамның есірткіге тәуелді емес екенін және алкоголь мен каннабиноидтарға құмарлығы тиісті кезеңге жетпегенін көрсетті. Ұсталған адамның есірткі сатуға қатысы бар екенін нақты көрсететін басқа да мән-жайлар анықталды. Қазіргі уақытта ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Руслан САПАРОВ,

облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі . 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp