«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еңбегі елдің есінде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда қоғам қай­рат­кері, саясаткер, агроном Сай­лау Өтеевтің құрметіне орай мемо­риалдық тақта ашыл­ды. Ескерт­кіш тақта бұ­рын Сайлау Ғаббасұлы тұрған үйдің қабырға­сына орнатылды.

Салтанатты іс-шараға еңбек ардагерінің туған-туысқандары, өңірдің зиялы қауым өкілдері, замандас­тары мен облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Сайлау Өтеев 1939 жылы Есіл ауданындағы Өрнек ауылында дүниеге келген. 1964 жылдың қыркүйегінде Алматы ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетіне оқуға түседі. Еңбек жо­лын қарапайым көлік жүргізушісі болып бастап, 1990 жылы 12 шақырылымдағы Жоғарғы кеңестің депу­таты болып сайланған. Жаңадан құрылған кеңшарды бас­қарып, 1994 жылы “Колос” акцио­нерлік қоғамының президенті қызметіне тағайындалады. Облыстық өсімдіктерді карантиндеу бойынша шекаралық мемлекеттік инспекцияны басқарған. 1999 жылдан Ауыл шаруашылығы министрлігі Петро­павл аумақтық басқармасына жетекшілік етіп, 2007 жылы зейнетке шығады.

“Сайлау Ғаббасұлы өте еңбек­қор, жарқын мінезді адам болды. Үлкенді ерекше құрметтейтін, кішіге қамқор бола білді. Оның жүріп өткен жолы өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі-өнеге, көзі тірісінде атқарған істерінің тәлім-тәрбиелік мәні зор”, – деді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов.

Сайлау Өтеевке арналған мемо­риалдық тақта Петропавлдағы 314-ші атқыштар дивизиясы көшесіндегі үйге орнатылды. Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына еңбек ардагерінің інісі Қайрат Евниев те келді. “Ол маған ғана емес, бүкіл кеңшардағы жұмыс­шыларға аға бола білді. Оның жетекшілігімен салынған мектеп, клуб пен медициналық пунк тұрғындарға бүгінге дейін қызмет етіп ке­леді”, – дейді Қайрат Евниев.

Көзі тірісінде Сайлау Өтеевтің еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол “Құр­мет белгісі” ордені, “Еңбектегі ерлігі үшін”, “Тыңайған жерлерді игергені үшін” сияқты бірқатар мемлекеттік марапаттарға ие болған.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp