«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ – КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әлемдік білім беру кеңістігіне кі­рігуге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдасты­руға жоғары талаптар қойыла баста­ды. Бұл үдеріске жаңа, барынша тиімді психологиялық-педагогикалық тәсілдеме іздеу жеделдетілді.

Заманауи инновациялық үдеріс­тер баланың қабілетін ашудың бірін­ші деңгейі ретінде мектепке дейінгі білім беру жүйесіне әсер ете­ді. “Балдәурен” бөбекжай-бақшасында “Балалардың бастамасын, қы­зы­ғушылығын және қозғалысын біріктіру – әлемді тануға апаратын жол” тақырыбында тәжірибеге ба­ғытталған іс-шара өткізілді. Бұл шара­да мектепке дейінгі білім берудің дамуы, жаңа сапалы деңгейге өтуі, инновациялық технологиялар баланы дамытудың тиімді жолы екені дәлелденді.

Іс-шараның өзектілігі – мектеп жасына дейінгі балаларда экспери­ментті-танымдық іс-әрекет арқылы дербес және белсенділік қабілетін қа­лыптастыру бағытында тәжірибе алмасу.

Бөбекжай-бақша тәрбие­шілері білім беру кеңістігінде бала­лардың конструктивті біліктерін дамытуға бағытталған “Робототехника әлеміне саяхат”, зерттеу іс-әрекеті ар­қылы мәселенің мәнін түсіну және талдау, қорытынды жасауға бағыт­талған “Шай технологиялары” ба­лалар эксперименті орталығында танымдық жұмыстарды ұйымдастырды.

Сондай-ақ “Lesson Study” тә­сілі бойынша ұйымдастырылған ашық сабақ өтті. Балабақша ұжымы балалар денсаулығының бірыңғай жүйесінде бассейннің маңызды­лы­ғына баса мән береді. Сондық­тан суда әртүрлі дене жаттығулары ком­бинацияларын пайдалана отырып, заттармен және затсыз әртүрлі қимылдар жасау мен саламатты өмір салтын сақтауға ынталандырудың әдіс-тәсілдерін ұсынды.

Жалпы балалардың экспери­менті оның мектепке дейінгі да­муындағы жетекші әрекет болып та­былады. Эксперимент тамақтану, ойын, оқу іс-әрекеті, жүру, ұйықтау арқылы енеді. Мектеп жасына дейінгі бала қазірдің өзінде зерт­теуші болып табылады. Зерттеу іс-әрекетінің әр түріне – эксперимент­ке қызығушылық танытады. Тәжіри­белер баланың ойлауын, логикасын және шығармашылығын дамытуға көмектеседі және табиғаттағы тірі және жансыз заттардың арасындағы байланысты анық көрсетуге мүмкіндік береді. Осы ретте тәр­биеленушілердің тәжірибе бары­сында алған білімі мәңгілік сабақ болып қалады.

Облыстық “Өрлеу” орталығы мектепке дейінгі ұйым тәрбиеші­леріне танымдық қабілеттерін да­мы­ту үшін бірнеше жұмыс алгорит­мін ұсынды. Ол – зерттеу объектісін таңдау, алдын ала жұмыс (экскурсия, бақылау, әңгімелесу, оқу, иллюстрациялық материалдар­ды тексеру, жеке құбылыстардың нобайлары, фактілер және т.б.), мәселенің теориясын зерттеу, экспе­рименттік бағытта ұйымдасты­рылған іс-әрекеттің түрін, мазмұнын және тақырыбын анықтау. Сонымен қатар тәрбиеленушілермен жұмыс­тың мақсаттары мен міндеттерін іріктеу, ойын арқылы зейінді, қабылдауды, есте сақтауды, ойлауды дамыту, құрал-жабдықтарды, оқу құралдарын пайдалана оты­рып, алдын ала зерттеу жұмыстарын, жыл мезгілін, тәрбиеленушілердің жасын, оқытылатын тақырыпты ес­кере отырып, көмекші құралдар мен құрал-жабдықтарды таңдау және дайындау қажет.

Жалпы іс-шара соңындағы ұйымдастырылған рефлексияда ба­ланың жасы мен даму деңгейіне сай келетін ресурстардың қолжетімділігі және қауіпсіз ортада тәрбиелеу жайында әңгіме өрбіді. Білім беру­дегі даралау үдерісінде балалардың бастамасын дамыту, тәрбиеленуші­лердің өзіндік әркетін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар айтылды.

Әлима ҚАБДЕНОВА,

“Өрлеу” “Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы.

Әлия МӘЖИТОВА,

“Балдәурен” бөбекжай-бақшасының әдіскері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp