«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“КҮНІНЕ ЕКІ САҒАТТЫҚ ЖҰМЫС” есірткі сату болып жүрмесін

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Көп күш жұмсамай-ақ мол табыс табуға болады”, “Күніне екі сағаттық жұмыс үшін 40 000 теңге төлейміз”. Есірткі сатушылар әлеуметтік желілерге осындай сипаттағы хабарландырулар жариялап, адамдарды қылмыс әлеміне тартады. Желідегі түрлі топтар мен мессенджерлерге телміріп отырған жастар еріп кетуі мүмкін. Қаскөйлер олардың арасынан есірткі жасырушыларды іздейді. Полицейлер жыл басынан облыс аумағында есірткі өткізді деген күдікпен 50 адамды ұстады, оның 37-сі 25 жасқа дейінгілер, 3-і – кәмелетке толмағандар.

Облыс полицейлері әлеуметтік желілерде де есірткіге қарсы іс-қимылды белсенді жүргізуді қолға алды. Бірер күн бұрын креативті бейнеролик жарыққа шықты. Оқиғада есірткі сатушылардың ұсынысына келіскен кейіпкер жасөспірімнің қысқаша өмірі суреттеледі. Полицейлердің сценарийі бойынша аталған бейнероликті “Qyzyljar” телеарнасының ұжымы түсірген.

Биыл есірткі сатқаны үшін 32 солтүстікқазақстандық сотталды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp