«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жас мамандар мектебі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік қызмет істері агент­тігі облыстық департаменті “Жас мемлекеттік қызметшілер мек­тебіне” қабылдауды бастады. Жоба­ның мақсаты – мемлекеттік қыз­метке кіру үшін әлеуетті кандидаттарды дайындау. Мектепте білім алуға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі, гуманитар­лық-техникалық колледжінің бітіруші курс студенттерінен 46 өтініш түсті. Олардың қатарында М.Қозыбаев атындағы университеттің 4-ші курс студенті Айша Мұхаммада­минова да бар. Тарих, экономика және құқық факультетінде білім алып жатқан жас болашағын мемлекеттік қызметпен байланыстырмақшы.

“Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі” департамент жанында 2018 жылдан бастап жұмыс істейді. 8 маусым сәтті жү­зеге асырылды, оған 103 студент қа­тысып, 20 пайы­зы оқуын та­мамдағаннан кейін мемлекеттік қыз­метке орналасты. Жоба екі кезеңнен тұрады. Әуелі Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының филиа­лында заңнаманы білуге арналған дәрістер мен құзыреттерді дамы­туға арналған тренингтерге қаты­сады.

Екінші кезеңде мемлекеттік органдарда өндірістік тәжірибеден өтеді. Оның соңында мемлекеттік органның басшысы қатысушы ту­ралы пікір береді. Бұдан кейін тыңдаушылар заңнаманы білу және жеке қасиеттерін бағалау үшін тестілеуден өтеді.

Маусым айында оларға мек­тепті бітіргендері туралы серти­фикаттар беріледі, оны тыңдау­шылар “Б” корпусының бос мем­лекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық рәсімдерге қатысу ке­зінде қосымша құжат ретінде ұсы­нады. Жас мемлекеттік қызмет­шілер мектебін сәтті тамамда­ған­дар облыстың таланттар пулына қабылданады.

– Биылғы жылы университетте грант бойынша білім алып, жақсы бағамен тамамдаған студенттерге конкурстан тыс мемлекеттік қыз­метке орналасуға мүмкіндік бері­леді. Олар бізде оқуды бітіріп, ешқандай конкурссыз жұмысқа тұра алады, – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басшысы Дулат Тайшабай.

Үстіміздегі жылы университетті бітірген бес жас маман мемлекеттік конкурстан тыс Айыртау, Аққайың, Мағжан Жұмабаев, Жамбыл ауданда­рына жұмысқа орналасыпты. Бүгінгі таңда өңіріміздің мемлекеттік қызмет саласында 200-ге жуық бос жұмыс орны бар.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp