«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қараша 30, 2023

Кликфрод – алаяқтықтың жаңа түрі

Веб-коммуникацияның дамуы­мен көптеген кәсіпкерлер өз тауар­лары мен қызметтерін онлайн жар­нама арқылы өткізеді. Алаяқтар да уақытпен қатар жүріп, алаяқтықтың жаңа түрлерін ойлап табуда. Мысалы, кликфрод, оны кликтеу деп те атайды. Кликфрод (ағыл. “сlick fraud” – алаяқтық клик) – бұл жарнама беру­шінің шығындарын ұлғайту үшін арнайы адамдар немесе боттар қандай да бір жарнамалық сілтемені ба­сатын іс-шаралар кешені. …

Кликфрод – алаяқтықтың жаңа түрі Read More »

Жануарларды таңбалауға міндетті

Үй жануарларын есепке алу қа­ғидаларына және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбе­сіне сәйкес 2023 жылғы 1 қыр­күйектен бастап, үй жануарларының иелері есепке қоюға міндетті. Облысымызда жануарларды есепке алу жөніндегі “ТАNBA” ақпа­раттық сервисі жұмыс істейді. Онда бүгінгі күнге дейін 6950 үй жануары есепке қойылды. Бұл мәлімет күн сайын өзгеріп жатыр. Бүгінгі таңда жануарларға чипті Петропавл қаласының …

Жануарларды таңбалауға міндетті Read More »

Атажұртта оқып жүр талай қазақ баласы

2016 жылы М.Қозыбаев атында­ғы Солтүстік Қазақстан университеті жанынан заман талабына сай жаңа форматтағы білім беру ортасын құру мақсатында “Foundation” факультеті ашылған болатын. Факультетте білім алып жатқан ұлты қазақ шетел азаматтарының 9 ай ішінде ҰБТ-ға дайындалып, келесі жылы жоғары оқу орнына грантпен түсуге мүм­кіндігі мол. Жуырда білім ордасы қабырға­сында факультеттің биылғы қабыл­данушыларына арналған мерекелік кеш өтті. …

Атажұртта оқып жүр талай қазақ баласы Read More »

Суық тиіп ауырғандар көп

Облыста өткен аптада 4 мыңға жуық адамға жіті рес­пираторлық вирустық ин­фекция диагнозы қойылды. Сырқаттанғандар бас ау­руы­на, дене қызуының көте­рі­луі­не, құлақтың шыңыл­дап, мұ­рынның бітелуіне, қатты жө­телге шағымда­нып, дәрігер­ге қаралған. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазан-қараша айларында өңірде ЖРВИ жұқтырудың 26 841 жағдайы тіркелген. Тек соңғы аптада 3926 адам ауырған. Бұл оның алдындағы аптамен салыстырғанда …

Суық тиіп ауырғандар көп Read More »

Онлайн турнир

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департамен­тіне қарасты мекемелерде сот­талғандар арасында шах­маттан онлайн турнир ұйым­дастырылды. Турнирге облыстың бес мекемесінің атынан 20 жазасын өтеуші қатысты. Іс-шара “Бостандық үшін шахмат” бағдарламасы аясында өтті. Бағдар­ламаның мақсаты – әлем бойынша түзеу мекемелерінде білім беру және әлеуметтік бейімдеу құралы ретінде шахматты енгізу. Жарыс олимпиа­далық жүйе бойынша танымал шахмат сайттарының бірінде өтті. Турнир қорытындысы …

Онлайн турнир Read More »

Кикбоксшылар күмісі

Португалияның Албуфейра қаласында кикбоксингтен әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде отандық спортшылар 5 алтын, 5 күміс және 12 қола медаль олжалады. Ұлттық құрама сапында екі солтүстікқазақстандық кикбоксшы күміс жүлдегер атанды. Португалиядағы әлем бірінші­лі­гіне 70 елден 600-ге жуық спорт­шы қатысты. Кикбоксшылар фулл-контакт, лоу-кик, кик-лайт және К-1 бағыттары бойынша сынға түсті. Ұлттық құрама сапында солтүстік­қазақстандық Данияр Жарасов, Аслан …

Кикбоксшылар күмісі Read More »

Отбасының ұйытқысы

Қазақстан халқы облыс­тық ассамблеясы жанын­дағы Аналар кеңесінің құрыл­ғаны­на биыл – 9 жыл. Ұйымға 500-ден астам нәзік жан мү­шелік етеді. Олар “дөңгелек үстел” басына жиналып, биыл ат­қарған жұмыстарын қоры­тындылады, алдағы жыл­ға жоспар құрды. – Біздің жұмысымыз жасөс­пірім­дермен, жас балалармен, ата-аналармен тығыз байланысты. Қиын жағдайға тап болған отбасы­ларға қол­дау көрсетуді міндетіміз ретінде санаймыз. Ерлі-зайыптылар ара­сындағы түсін­беушілік мәселелерін …

Отбасының ұйытқысы Read More »

Төрт сепаратист сотталды

Қоғамда үлкен дүрбелең туды­рып, ел ішін бүлдіре жаздаған “аты­шу­лы” оқиғаға нүкте қойылды. Пет­ропавл қалалық сотында “Еңбек­шілер халық кеңесі” деп аталған ас­тыртын сепаратистер тобына қатыс­ты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Биылғы жылдың наурыз айында “Еңбекшілер халық кеңесі” жина­лы­сына қатысушылар Қазақстан мем­лекетін мойындамайтын, оның тә­уел­сіздігін жоққа шығаратын декла­ра­ция қабылдап, Петропавл еңбек­шілерінің дербес халық кеңесін құ­ра­тындарын мәлімдеген …

Төрт сепаратист сотталды Read More »

Маңызды басымдық

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғамның басты талабы. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен пәрменді күресу үшін мемлекет тарапынан көптеген жұмыстар атқарылуда. Облыс әкімдігінің табиғи ресурс­тар және табиғат пайдалануды рет­теу басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты неғұрлым сапалы орындау үшін тиісті білімі мен тәжірибесі бар мамандар тар­тылды, олар тұрақты негізде өзде­рінің кәсіби біліктілігін арттырып оты­рады, мемлекеттік қызметшілердің арасында Әдеп …

Маңызды басымдық Read More »

Жоғалған адамдар жайлы дерек

“Мемлекеттік құқықтық статис­тика және арнайы есепке алу ту­ралы” Заңға сәйкес Бас прокура­тураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық де­партаменттері барлық іздестіру істерін тіркеуді жүргізеді, сонымен қатар, мемлекетаралық ақпарат­тық деректер банкімен, оның ішін­де хабар-ошарсыз кеткен адамдарға қатысты өзара іс-қимыл жасайды. Жоғалған адамдарды іздеуді ішкі істер органдары жүзеге асы­рады. Өтініш адамның келмеу …

Жоғалған адамдар жайлы дерек Read More »

МЕНІҢ ШЕШЕМ — ЕҢ ІЗГІ АНА!

Кез келген жанның бұл өмірде ерекше жақсы көретін, қадірлеп, құрметтейтін ең жақын адамы – анасы екені ақиқат. Ана – аяулы есім. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің астарында қаншама мейір-махаббат жасырынып жатыр десеңізші! Асылдардың асылы, бәрімізге өмір сыйлаған ғазиз аналарымыздың сырлы да, нәрлі өмір жолдары әрқашан жан-жүрегімізді толқытып, олардың жеңімпаз рухын асқақтата түседі. Анамыз Әйбөпе …

МЕНІҢ ШЕШЕМ — ЕҢ ІЗГІ АНА! Read More »

Аузы дуалы ақсақал азайды

Өмірде көргені мен түйгені көп қария – бір мектеп еді. Немере, шө­берелерін жинап алып, арнайы сыр­мақ төсетіп, сырлы шарадағы құнан қымызды сапыртып отырып, әңгіме­нің желісін ағытушы еді ғой. Ауылға ақсақал жақындаса алдынан шығып, қолтықтап түсіріп, атын байлап үйге кір­гіз­генше “Е, шырағым әкеңмен әңгімелеспегелі жарты айдың жүзі болды. Ішіме біраз әңгімелер жиналып қалды, Солтан атаң менен …

Аузы дуалы ақсақал азайды Read More »

Атқарылған іс аз емес

Мамлют ауданының әкімі Елена Степаненко өңірлік коммуникациялар қызметінде есеп беріп, өткен он айда атқарылған жұмысты қорытындылады. “Аудан дамуының негізгі көрсет­кіші – инвестиция тарту және халық­тың табысын ұлғайту. Биыл аудан экономикасына 14 млрд. 428,5 млн. теңге инвестиция құйылды, бұл 2020 жылғы деңгейден 1,13 есе жоғары”, – деді Елена Степаненко. Үстіміздегі жылы мамлюттіктер ауыл шаруашылығы саласында 37,9 …

Атқарылған іс аз емес Read More »

Студенттердің үздік жобалары

Оқу-ағарту министрлігіне қарас­ты “Талап” акционерлік қоғамы ұйымдастырған “WorldSkills Kazak­hstan 2023” VIII республикалық чемпионаты өз мәресіне жетті. Үш күн бойы өңірлік чемпионаттардың жеңімпаздары 30 құзырет және 7 бағыт бойынша үздік атану үшін бақ сынасты. Салтанатты марапаттау рәсіміне Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты. Министр өз сөзінде барлық қа­тысушыларды техникалық және кә­сіптік білім беру саласындағы айту­лы шарамен құттықтап, …

Студенттердің үздік жобалары Read More »

МІНДЕТ – ЕУРАЗИЯДАҒЫ БАСТЫ АГРАРЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛУ

Біз – аграрлық елміз. Мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді еселеп арттыруға қуаты да, мүмкіншілігі де жеткілікті. Бұл саланы дамыту ел экономикасының нығаюына, ұлттық табыстың, жалпы ішкі өнімнің, тұрғындарды жұмыспен қамтудың, тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мемлекеттік деңгейде көңіл бөлініп, ауқымды жоспарлар жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев …

МІНДЕТ – ЕУРАЗИЯДАҒЫ БАСТЫ АГРАРЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛУ Read More »

АУЫЛ ӘКІМДЕРІ САЙЛАНДЫ

26 қарашада өңіріміздің бірқа­тар елді ме­кендерінде әкім сайлауы өтті. Маңызды саяси науқан Есіл ауданының Николаевка ауылдық округінде де ұйымдастырылды. Жергілікті тұрғын­дар бұл лауазымға үміткер ретінде тіркелген екі адамға дауыс берді. Кандидаттардың есімі тұрғындарға жақсы таныс. Олар тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген. Сайлауалды бағ­дарламаларына елді мекеннің түйткілді мәселелерін енгізіп, оларды шешу жолдарын қарастырыпты. Бұл сайлау ауылдық …

АУЫЛ ӘКІМДЕРІ САЙЛАНДЫ Read More »

Заманауи жылыжай

Өңірімізде алғашқы инновациялық жылыжай салу жобасы қолға алынды. Аталған жылыжай то­лық іске қосылғанда өңірдің қияр мен қызанаққа деген қажеттілігінің үштен бірі өтеледі. Кешеннің жалпы ауданы – 3,7 га, өсіру алаңы – 3,2 га. Жылы­жайда екі бөлімше бар. Қазір оның біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Екінші­сіне көшеттерді отырғызуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. “Зеленый Север” ЖШС-ның ди­рек­торы …

Заманауи жылыжай Read More »

Жас мамандар мектебі

Мемлекеттік қызмет істері агент­тігі облыстық департаменті “Жас мемлекеттік қызметшілер мек­тебіне” қабылдауды бастады. Жоба­ның мақсаты – мемлекеттік қыз­метке кіру үшін әлеуетті кандидаттарды дайындау. Мектепте білім алуға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі, гуманитар­лық-техникалық колледжінің бітіруші курс студенттерінен 46 өтініш түсті. Олардың қатарында М.Қозыбаев атындағы университеттің 4-ші курс студенті Айша Мұхаммада­минова да бар. Тарих, …

Жас мамандар мектебі Read More »

АШЫТҚЫ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов “PROSOL” компаниясының басқарушы директоры Даниэле Бонвичинимен кездесті. Италиялық инвестор Петропавлдағы “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағында азықтық ашытқы шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Италиялық компания арнайы эко­­номикалық аймақ қатысушысы ре­тінде биылғы жылдың қараша айында тір­келген. Еуропадан келген инвестор мейман отандық кәсіпкер­мен бірлесе өңірге 1,5 млрд. теңге көле­мінде инвести­ция салмақшы. Негізгі мақсаты – азық­тық …

АШЫТҚЫ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ Read More »

Білікті маман – өндіріс тірегі

Өндірістің негізгі тірегі – білікті маман. Тәжірибесі мол, маманды­ғының қыр-сырына қаныққан жан­дар бар жерде жұмыс әрқашанда бе­рекелі. Петро­павл ауыр машина жасау зауы­тында да тәжірибелі мамандар мек­тебі қалыптасқан десек болады. Сол мектепте маман ретінде біліктілігін арттырып, тәжірибе жинаған Бағдат Жәнімбетов қазір өзінен кейінгілерге бар білгенін үйретіп жүр. Бағдат Мұхамеджанұлы – Алма­ты қаласындағы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық …

Білікті маман – өндіріс тірегі Read More »