«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жоғалған адамдар жайлы дерек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Мемлекеттік құқықтық статис­тика және арнайы есепке алу ту­ралы” Заңға сәйкес Бас прокура­тураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық де­партаменттері барлық іздестіру істерін тіркеуді жүргізеді, сонымен қатар, мемлекетаралық ақпарат­тық деректер банкімен, оның ішін­де хабар-ошарсыз кеткен адамдарға қатысты өзара іс-қимыл жасайды.

Жоғалған адамдарды іздеуді ішкі істер органдары жүзеге асы­рады. Өтініш адамның келмеу ұзақтығына және болжамды жоға­лу орнына қарамастан шағым түс­кен күні полицияда тіркелуі керек. Өтінішті қабылдаған лауазымды тұлға өтініш берушіге өтінішті қа­былдау туралы талон-хабарлама беруге міндетті.

Қылмыстық процессуалдық ко­декстің 180-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің басталуының се­бептерінің бірі – адамның белгісіз жоғалып кеткендігі туралы мәлім­деме.

Хабар-ошарсыз кеткен жан­ның комитеттің іздестіру есебінде тұрғанын “Qamqor.gov.kz” деп ата­латын құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталынан көруге болады.

Ақпарат мынандай критерий­лер бойынша қолжетімді: әкім­шілік-аумақтық бірлік, жынысы, жасы, ұлты, ЖСН.

Қазіргі уақытта облыс аума­ғын­да із-түзсіз жоғалған 76 адамға іздеу жарияланған, оның 58-і ер адам, әйелдер саны – 18.

Олардың із-түзсіз жоғалу жағ­дайлары әртүрлі. Мысалы, Д. есімді азамат кешке жұмысынан шыққан соң үйіне оралмаған, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде оның өлі денесі табылған. Ал Б. үйінен кеткен соң анасымен байланысқа шықпай қойған. Іздес­тіру шараларының нәтижесінде ол Ал­маты қаласынан табылған.

Жоғалған адамды дұрыс ізде­меген жағдайда, өтініш беруші жо­ғары тұрған полиция органына не­месе прокуратураға шағым түсі­руге құқылы.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp