Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде сотталғандар арасында шахматтан онлайн турнир ұйымдастырылды. Турнирге облыстың бес мекемесінің атынан 20 жазасын өтеуші қатысты.
Іс-шара “Бостандық үшін шахмат” бағдарламасы аясында өтті. Бағдарламаның мақсаты – әлем бойынша түзеу мекемелерінде білім беру және әлеуметтік бейімдеу құралы ретінде шахматты енгізу. Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша танымал шахмат сайттарының бірінде өтті. Турнир қорытындысы бойынша №51 мекеме командасы жеңімпаз атанды, №66 мекеме командасы екінші орынды және №48 мекеме командасы үшінші орынды иеленді. Жүлдегерлер грамоталармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.
Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.