«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Төрт сепаратист сотталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қоғамда үлкен дүрбелең туды­рып, ел ішін бүлдіре жаздаған “аты­шу­лы” оқиғаға нүкте қойылды. Пет­ропавл қалалық сотында “Еңбек­шілер халық кеңесі” деп аталған ас­тыртын сепаратистер тобына қатыс­ты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты.

Биылғы жылдың наурыз айында “Еңбекшілер халық кеңесі” жина­лы­сына қатысушылар Қазақстан мем­лекетін мойындамайтын, оның тә­уел­сіздігін жоққа шығаратын декла­ра­ция қабылдап, Петропавл еңбек­шілерінің дербес халық кеңесін құ­ра­тындарын мәлімдеген болатын. Бұл жиын­ның бейнежазбасы әлеу­меттік желі­де желдей тарап, нара­зылық тудырған еді. Өңір тұрғын­дары оларды сепаратизм үшін жа­уапкершілікке тартуды талап етті.

Наурыздың 30-ы күні Ұлттық қа­уіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақ­стан облысы бойынша департаменті сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікке ілік­кен 19 адамның төртеуіне сепа­ратизмді насихаттау ісіне бай­ла­нысты сот үкімі шықты. Ал қалғандары іске куәгер ретінде қатыс­қан.

– Сот шешімі бойынша Зудер­ман В.А. қылмыстық кодекстің 179, 180 бабының 2-ші тармағы, 287 ба­бы­ның 2-ші тар­мағы бойынша 9 жыл­ға бас бостан­дығынан айыры­лады. Ал Болды­рева Е.А, Капарова және Бережно­ваға 179 және 180 баптың 2-ші тармағы бойынша 7 жылға бас бос­тандығынан айы­рылады. Олар­дың барлығы жаза­ларын қауіпсіздігі ор­та­ша деңгейдегі мекемеде өтей­тін болады, – деді Петропавл қала­лық со­тының судья­сы Алмас Жұма­ғазин.

Бережноваға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы жойы­лып, сот залында қамауға алынды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp