«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алдағы жоспар ауқымды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров “Те­мирязев ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бо­йынша қорытындылар мен алдағы уақыттағы жоспар­лары” тақырыбында баяндама жасады.

– Аудан экономикасының негізгі драйвері – ауыл шаруашылығы са­ласы. Жыл басынан бері жалпы сомасы 7,9 млрд. теңгені құрайтын 133 техника мен қосалқы жаб­дық сатып алынды. Шаруалар қам­ба­ға 221,6 мың тонна дәнді және бұр­шақты дақыл құйды. 2023 жылдың 10 айында ауданға тартылған инвести­ция көлемі 11,3 млрд. теңгені құра­ды. Облыс әкімі 2024 жылы ет, сүт және астықты терең өңдеуді дамы­туға ерекше назар аудару міндетін қойды. Қазіргі уақытта осы бағытта жұмыс жүргізілуде, – деді аудан басшысы.

Тимирязевте шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша назар аударылуда. Бүгінгі таңда ауданда 2500 мыңнан астам адам жұмыс істейтін 753 бизнес субъектісі тіркел­ген. Үстіміздегі жылы наубайхана­лар­ды жаңғырту, жаңа сауда нысан­да­рын ашу, бал өндіру, жылыжайлар салу, мал шаруашылығын дамыту және ет өнімдерін қайта өңдеу үшін 33 бизнес иесіне мемлекеттік қолдау көрсетілген. Нәтижесінде 79 тұрақты жұмыс орны құрылыпты.

Ерлан Жаров құрылыс жұмыста­рына да тоқталды. Тимирязево ауы­лында блоктық-модульдік қазандық құрылысының жобасы әзірленген. Бұл нысан қазіргі уақытта әбден тозған қолданыстағы қазандықты жаңа­сына ауыстыруға мүмкіндік береді. Аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу бойынша биыл 2 жоба іске асырылды. Есіл – Ақсуат бағытын­дағы 19 километрлік жол жөнделуде. Хмельницкое ауылына кіреберістегі 9 шақырым жол орташа жөнделген.

“Ауданда 110 көпбалалы отбасы тұрады. Үстіміздегі жылы жұмыспен қамту шаралары есебінен әлеу­мет­тік жағынан аз қамтылған отбасылар саны 64-тен 38-ге дейін қысқарды. Дәрігерлердің жетіспеушілігі өткір тұр. Бізге жоғары білімді 9 маман қажет”, – деді аудан әкімі.

Аудан басшысы мәдениет са­ласын дамытуға маңыз беріліп отыр­ғанын жеткізді. Ақсуат және Құртай ауылдық округтерінде мәдени-са­уық­тыру орталықтарының құрылы­сы басталған.

Биыл ауданның құрылғанына ал­пыс жыл толды. Бұл мерейтойды тұрғындар сән-салтанатпен атап өт­кен. Орталық алаң қайта жаңғырып, көшелер абаттандырылыпты. Бағ­дар­шамдар орнатылып, жаңа саябақ пайдалануға берілген.

Ауданның алдағы жылға арнал­ған жоспары ауқымды. “Райт АА” серіктестігі базасында 400 бас ірі қара малға арналған тауарлы-сүт фермасын салу және сүт өңдеу цехын ашу көзделуде. “Восход-Агро-СК” серіктестігі 6000 тонна астық қа­былдайтын қойма салуды жоспар­лап отыр. Одан өзге “Сарыарқа КЗ” диірмені жаңартылып, Ақсуат, Дзер­жинское, Хмельницкое, Тимирязево, Москворецкое елді мекендеріндегі су құбырлары жөнделеді.

Аманжол ЗАҒЫПАР,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp