«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Желтоқсан 4, 2023

Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы

Облыс орталығында 150 педагогтың басын қосқан “Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы” атты семинар өтті. Бала тәрбиесіндегі өзекті мәселеге тереңірек үңілу үшін Алматыдан жазушы әрі ағартушы, ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосып жүрген Санжар Керімбай мен сарапшы-психолог Сейілбек Мырзабай арнайы шақырылды. Облыстық білім басқармасы мен “Қазақ тілі” қоғамының облыстық филиалы бірлесе ұйымдастырған шара көне түркі тілдес халықтардың …

Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы Read More »

АДАСҚАН АҚҚУЛАР

Адамның қолы тимейтін жабайы табиғатта да түрлі ерекше жағдайлар орын алып жатады. Жанымыз табиғатқа неғұрлым жақынырақ болған сайын ондағы өзгерістерді, құбылыстарды соғұрлым ерте байқап, жақын тани түсеміз. Қоршаған ортадағы өзгерістерді байқап, өзін табиғаттың перзенті сезінген жан өзі де айналаға қамқорлықпен қарай бастайды. Олардың осы игі ісі  – өзгелерге үлгі. Күн суытып, қыс тақаған уақытта да …

АДАСҚАН АҚҚУЛАР Read More »

Аманғали – әлем чемпионы

Әзірбайжанның Баку қаласында әскерилер арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтті. Ел намысын қорғаған солтүстікқазақстандық Аманғали Бекболатов алтыннан алқа тағынды. Әлем біріншілігінде жерлесіміз грек-рик күресінен 55 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсті. Финалда ирандық балуанмен белдесіп, ұпай санымен жеңіске жетті. Күрес түрлерінен әскерилер арасындағы әлем чемпионатының алтынын  осы күнге дейін екі балуанымыз ғана еншіледі. 2013 жылы грек-рим …

Аманғали – әлем чемпионы Read More »

Ақша бопсалаған

Петропавл қалалық полиция басқармасына облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны келіп,  бейтаныс адам оның 17 жастағы ұлын қорқытып. 10 мың теңге көлемінде ақша бопсалағанын айтып, арыз жазған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы сауда үйлерінің бірінде ақшаны алып кетіп бара жатқан жерінде 18 жастағы петропавлдықты ұстады. Тінту кезінде одан 10 мың теңге …

Ақша бопсалаған Read More »

Акцизсіз темекі

Облыс полицейлері “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды. Он күн бойы облыс аумағындағы қоғамдық орындарда адамдардың қауіпсіздігін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға бағытталған кең ауқымды іс-шаралар кешені өткізілді. Атап айтқанда, тәртіп сақшылары орталық көтерме сауда базарындағы бутиктердің бірінен акцизсіз темекінің   34 560 қорабын тәркіледі. Алдын ала бағалау бойынша тауардың жалпы құны 25 миллион теңгеге жуық. …

Акцизсіз темекі Read More »

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Дек­ларациясына сәйкес Жоғарғы Кеңес Президиумы 1991 жылғы 6 жел­тоқ­санда “Қазақ КСР прокуратура ор­гандарының бірыңғай жүйесін құру, олардың дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы” қаулы қа­былдап, саланың құрылымы мен қыз­метіне бірқатар өзгерістер енгізген болатын. Кейін, яғни Бас Прокурор­дың 2004 жылғы 25 ақпандағы бұй­рығымен бұл күн “Прокуратура органдарының құрылған күні” деп белгіленді. …

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ Read More »

Ауылда бассейн салынуда

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Уәлиханов ауданының әкімі Қайрат Пішенбаев баспасөз конференциясын өткізіп, атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Брифинг аудандағы агроөнер­кәсіптік кешеннің көрсеткіштерінен басталды. Уәлиханов ауданында бұл саладағы жалпы өнім көлемі – 27 млрд. теңге. – Биыл еліміздің, оның ішінде ауданымыздың диқандары егін жи­нау науқанын ауа райының қолай­сыз жағдайында жүргізді. Бұл ас­тықтың сапасы мен көлеміне әсер етті. …

Ауылда бассейн салынуда Read More »

ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚ ТАБИҒАТҚА ЗИЯН

Экология, геология және табиғи ресурстар ми­нистрлігі мен “Қазақстан ғарыш сапары” ҰК” АҚ арасында салалық waste.gharysh.kz геопорталы құ­рылды. Осының нә­тижесінде министрлікке, сондай-ақ жергілікті атқарушы ор­гандарға қоқыс полигондарын қашықтықтан зондтаудың ғарыштық суреттері ұсынылады. Өндіріс және тұтыну қалдықта­ры орнының ғарыштық мониторингі, өндіріс және тұтыну полигондары шекараларының өзгеру динамикасын білу аса маңызды. Мысалы, жақында облыс орталығының белдеуінен 50 шақырым …

ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚ ТАБИҒАТҚА ЗИЯН Read More »

Алдын алу маңызды

Облыс әкімінің орынбасары Рүс­тем Құрмановтың төрағалығымен  үс­тіміздегі жылғы өрттің қауіпті кезеңі­нің қорытындысы бойынша кеңес өтті. Аталған шараға мемлекеттік меке­мелер мен кәсіпорындардың бас­шылары, аудан әкімдерінің орынбасарла­ры және аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінің бастықтары қатысты. Отырыста Рүстем Құрманов қауіп­ті кезеңде табиғи өрттердің ал­дын алу және орман алқаптары мен елді мекендерді тиісті қорғауды қам­тамасыз етудегі міндеттер туралы баяндады. Облыстық …

Алдын алу маңызды Read More »

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ ТҰРАҚТЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Астана қаласында Орталық коммуника­циялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңірдің 10 айдағы даму қорытындыларын баяндап, БАҚ өкілдерінің сұрақ­тарына жауап берді. “Біздің жұмысымыз Мемлекет басшысының тапсырмаларын мүл­тіксіз орындай отырып, барлық күш-жігеріміз облыс экономикасының даму қарқынын қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған”, – дей ке­ліп, Ғауез Торсанұлы экономиканың негізгі салаларына және …

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ ТҰРАҚТЫ Read More »

АЛТЫ ЖҮЗ ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету қашан да маңызды. Елімізде осы бағытта жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың аясында жаңа үйлер салынып жатыр. Ал жылдап пәтер кезегінде тұрғандардың баспаналы болды – үлкен қуаныш. Облыс орталығындағы “Береке” шағынауданында жалдамалы-коммуналдық 6 көпқабатты үй қолда­нысқа беріліп, 600 отбасы баспа­на­лы …

АЛТЫ ЖҮЗ ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ Read More »

Тұрмысы келісті, бірлігі бекем

Ауылдардың  көп жағдайда сол елді мекенде тұратын еңбекқор жан­дардың игі істерінің арқасында даңқы аспандайтыны белгілі. Біздің өңірімізде ауыл шаруашылығы саласы мамандарының жұмысы жоғары бағаланады. Ғабит Мүсіре­пов атындағы ауданда қазіргі уақыт­та осындай үлгі тұтар елді мекендер де, ауылын көркейтіп жатқан ша­руа­шылықтар да аз емес. Бірлік ауылындағы мектептің 8-сыныпқа дейінгі оқушылары осындағы ша­руа­шылықтың есебінен тегін тамақ­танады. Бірлік …

Тұрмысы келісті, бірлігі бекем Read More »

ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ ТӘУЕЛДІ

(“Қазақ балаларының жартысына жуығы өзге тілде білім алады” 23 қараша 2023 жыл) Бүгінгі ұлттық тәрбиемізге, тілі­міздің мәртебесіне көңіліміз толады деп айта алмаймын. Сондықтан біз қатарлас буын өкілдері ертеңімізге алаңдаушылық білдірмесек бол­май­­ды. “Тәрбие – тал бесіктен”, – дегендей ұлттық тәрбиемізді бүгінгі жас ұрпақтың бойына сіңіру аға буынның басты міндеті екенін түсі­нуіміз керек. Бүгінгі таңда көбіміз қара …

ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ ТӘУЕЛДІ Read More »

Қызылшаға шалдыққандар азаяр емес

Өңірде қызылша жұқтырғандар саны күннен-күнге артып келеді. Ауырған 75 адамның шамамен әр үшіншісі – Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық ұланы академиясының курсанты. Дертке шалдыққандардың 68-і – Петропавл қаласының тұрғыны. Же­келеген жағдайлар Аққайың, Айыр­тау Мамлют, Қызылжар және Жамбыл аудандарында анықталып отыр. Қызылша – жұқпалы ауру. Ауа ар­қылы тарайды. Қызылша жұқтыр­ған адаммен қатар тұ­рып әңгімелес­кенде екінші адам­ның сырқаттануы әбден …

Қызылшаға шалдыққандар азаяр емес Read More »

“ҚУАНЫШ” — БІРІНШІ ТУР ЖЕҢІМПАЗЫ

Соңғы жылдары облысымызда волейбол спорты қанатын кеңге жайып келеді. Жергілікті “Қуаныштың” құрлықтық және республикалық додаларда сәтті өнер көрсетіп, ел чемпионатында жүлдегер атануы сөзімізге дәлел. Петропавл қаласында өткен 2023-2024 жылғы ел біріншілігінің алғашқы турында мықты екенін тағы бір рет байқатты. Жерлестеріміздің соңғы жетіс­тік­терінің бірі – ел кубогында же­ңімпаз атануы. Команда көшбасшы­ларының бірі Сәбира Бекішеваның айтуынша, жылда …

“ҚУАНЫШ” — БІРІНШІ ТУР ЖЕҢІМПАЗЫ Read More »

Базалық ставка төмендеді

Ұлттық банк 24 қараша кү­ні базалық ставканы 15,75 па­йыз деңгейінде бе­кітті. Елі­міздегі ең басты қаржы ұйы­мы биыл база­лық ставканы қатарынан үшін­ші рет тө­мен­детіп отыр. Алғаш рет биыл тамызда 16,75-тен 16,50 пайызға түскен болатын. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, бұл рет­те назар аудармаса болмайтын же­келеген тәуекелдер жоқ емес. Олар – азық-түлік бағасының өсуі, негізгі сауда-серіктесіміз …

Базалық ставка төмендеді Read More »

Биологиялық қалдықтар

Жануарлардан алынатын өнім­дер мен шикізатты өндірумен, тасымалдаумен, дайындаумен жә­не өңдеумен айналысатын ұйым­дардың, сондай-ақ азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтары­ның жұмысы процесінде тұрғын­дардың және малдардың саулы­ғына нақты қауіп төндіретін едәуір мөлшерде биологиялық қалдық­тар түзіледі, олар қоршаған орта­ны ластау көзі болып табылады және жұқпалы аурулардың тара­луына ықпал етеді. Биологиялық қалдықтарға жан­уарлар мен құстардың өлекселері, ветеринарлық конфискаттар (ет, балық, жануарлардан …

Биологиялық қалдықтар Read More »

Өртенген өлеңдер

Көңілге қилы ой салар кітап оқу – бала кезімнен қалыптасқан машықдағдыларымның бірі. Соңғы оқыған кітаптарымның бірі – “Өртенген өлеңдер”. Кітап авторы – белгілі баспагер, жазушы Жарылқасын Нұсқабайұлы. Жазушының бұл кітабына әр жылдарда жазылған әңгімелері, ел тағдырына арналған мақалалары, достары, замандастары жайлы естеліктері енгізілген. Ұлы Отан соғысында байтақ елінің бақыты, мейірбан халқының болашағы үшін кеудесін оққа …

Өртенген өлеңдер Read More »

Тереңнен тартқан тамырын

Мамлют ауданына қарасты Бике ауылының тұрмыс-тіршілігімен, тарихымен танысу мақсатында таңалакеуімнен елді мекенге аттандық. 120 шақырымды қалай артқа тастағанымызды сезбей де қалыппыз. Темір тұлпарымыз кілт тоқтады. Алдымызда абыз ананың алтын түстес ескерткіші жарқырап тұр. “Бұл – біздің Бике анамыз!” – деді көлік тізгінінде отырған Қанат Бегенов. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті тарих факультетінің студенті ауыл тарихының …

Тереңнен тартқан тамырын Read More »

Есілдегі екпінді істер

Облыс орталығында өңір аудандарының даму қорытындыларына байланысты кезекті брифинг өтіп, онда Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедияров өзі басқарып отырған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндама жасады. Алдымен ауыл шаруашылығы саласына тоқталған Мереке Тілеу­жанұлы 10 айдың ішінде аталған саладағы жалпы ішкі өнімнің көлемі 59 млрд. теңгеге жеткенін атап өтті. Диқандар 286 мың гектар жерді игер­се, оның 218 …

Есілдегі екпінді істер Read More »