«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алдын алу маңызды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімінің орынбасары Рүс­тем Құрмановтың төрағалығымен  үс­тіміздегі жылғы өрттің қауіпті кезеңі­нің қорытындысы бойынша кеңес өтті. Аталған шараға мемлекеттік меке­мелер мен кәсіпорындардың бас­шылары, аудан әкімдерінің орынбасарла­ры және аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінің бастықтары қатысты.

Отырыста Рүстем Құрманов қауіп­ті кезеңде табиғи өрттердің ал­дын алу және орман алқаптары мен елді мекендерді тиісті қорғауды қам­тамасыз етудегі міндеттер туралы баяндады. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Аслан Ахметжанов қатысушыларды табиғи өрттердің алдын алу жөнінде­гі іс-шараларды орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы баян­дады. Әсіресе лауазымды тұлғалардың алдын алу мәселесіне қатысты жұмысына ерекше тоқталды.

Облыс аумағында қауіпті кезеңде 78 гектардан астам алқапта 27 орман өрті болып, шамамен 15 млн. теңге залал келген. Үш дала өрті және астық алқабында бір оқыс оқиға тіркелді.

Аслан Жасұланұлы өртке қарсы ерікті құрылымдар мен өрт сөндіру бекеттерінің жұмысы жайлы баяндады. Олардың күшімен 35 өрт және 86 тұтанған от сөндірілген. Сондай-ақ қауіпті кезеңге дайындыққа 1223 техника және жеке құрамнан 2630-дан астам адам жұмылдырылған. Сондай-ақ департамент жоспарға сәйкес алдын алу жұмыстарын жүргіз-ген.

– Жалпы саны 318 адамнан тұра­тын 54 жедел мобильдік топ құрыл­ды, 1400-ден астам рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. 189 кінәлі тұл­ға әкімшілік жауапкершілікке тар­тылды, оның ішінде 174 ескерту жа­салып,  776 мың теңге сомасына 15 айыппұл салынды. Орманды алқаптарда өрттің алдын алу бойынша 13 мыңнан астам іс-шара өткізілді, – деді Аслан Ахметжанов.

Селекторлық режімде аудан әкімдері орынбасарларының есебін тыңдаған Рүстем Құрманов табиғи өрттердің алдын алу және оларды жедел жою жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқа­тар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, өртке қарсы ерікті құрылым­дарды нығайту, олардың дайындығын қамтамасыз ету, елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру қажеттігін атап өтті.

Асқар ЫСМАҒҰЛОВ,

облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp