Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Петропавл қаласының Абай көшесіндегі пәтерлердің бірінде эротикалық дене массажы қызметі көрсетілетіні туралы ақпарат келіп түскен.
“Stop-трафик” жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінен 46 жастағы әкімші, сондай-ақ 21 және 22 жастағы екі қыз ұсталды. Бұл жерде олардың ақша үшін эротикалық дене массажын жасайтындығы анықталды. Осы факт бойынша материал жиналды. Ұсталғандар заң алдында жауап береді.
Әсет ҚАНАФИН.