«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауылда бассейн салынуда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Уәлиханов ауданының әкімі Қайрат Пішенбаев баспасөз конференциясын өткізіп, атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Брифинг аудандағы агроөнер­кәсіптік кешеннің көрсеткіштерінен басталды. Уәлиханов ауданында бұл саладағы жалпы өнім көлемі – 27 млрд. теңге.

– Биыл еліміздің, оның ішінде ауданымыздың диқандары егін жи­нау науқанын ауа райының қолай­сыз жағдайында жүргізді. Бұл ас­тықтың сапасы мен көлеміне әсер етті. Соған қарамастан фермерлер 84,6 мың тонна астық бастырды. Астық өнімділігі гектарынан 5,1 центнерден айналды. Мал шаруашылығына ке­летін болсақ, есептік кезеңде шаруашылық өнімдерінің бар­лық түрлерінің өсуіне қол жеткіздік. Ет өндіру және сүт сату көрсеткіші тиісті кезеңге қарағанда 100 пайыз­дан асты, – деді өз сөзінде Қайрат Пішенбаев.

Сонымен қатар ауданда 11 млрд. теңгеге 3 тауарлы-сүт ферма­сының құрылысы жүргізілуде. Ше­телден 3824 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алу жоспарлануда. Осылайша “Жолдасбай-Агро”, “JALAYR agrofoods” және “Олжа Ата­мекен” серіктестіктерінің фермаларында жаңа жұмыс орындары ашы­лады. Ал “Туған жер” шаруа қожа­лығының отары Павлодар облысы­нан әкелінетін 1000 бас асыл тұқымды аша тұяқтымен толығады.

Аудан әкімі құрылыс саласына да тоқталды. Биыл 2,8 млрд. теңге­нің құрылыс жұмыстары орындалған. Ірі жобаларды жүзеге асыру үшін қазынадан 7,6 млрд. теңге бө­лінген. Оның ішінде, “Ауыл – ел бе­сігі” бағдарламасы аясында 8 жобаға, “Қуатты өңірлер – ел дамуы­ның драйвері” бағдарламасы ая­сында 5 жобаға және жергілікті бюд­жеттен 7 жобаға қолдау көрсетілген. Қаржының басым бөлігі әлеуметтік нысандар салуға, жолдарды жөн­деуге, инженерлік инфрақұры­лым­ды дамытуға және сумен жабдық­тауға бағытталып отыр.

Облыстық, аудандық, сондай-ақ ауылішілік жолдарды жөндеу және күтіп ұстауға да айтарлықтай қара­жат бөлінді. Қулыкөл, Телжан, Кішке­некөл, Бидайық ауылдарында жалпы сомасы 919 млн. теңгеге ауыл­ішілік жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өндіріс-Жұмысшы – Мырзағұл, Көктерек – Тос­па – Жасқайрат – Қайрат учас­келеріндегі жұмыстар жалғасуда. Келер жылы Кішкенекөл, Бидайық, Телжан ауылдарындағы ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жал­ғасады. Көптен бері көпшілікті алаң­датып жүрген Талшық пен Кішкенекөл арасындағы жолды жөндеу “Көкшетау Автодор” серіктестігіне жүктелген. Құны 19,9 млрд. теңге болатын жоба үш жылға шақталған.

– Ауылға негізгі керегі жол, таза ауызсу, жарық, ұялы байланыс желісі екендігі белгілі. Таза ауызсу­мен 25 елді мекен, яғни тұрғындардың 99,9 пайызы қамтамасыз етілген. 2459 үйге су тартылған. Ауданның 27 елді мекенінің 19-ында мобильді ұялы байланыс пен интернет бар, – деді аудан әкімі.

Жыл басынан бері Уәлихановта 1175 адам жұмысқа орналасқан. Жа­ңадан ашылған жұмыс орындарын­да 476 адам еңбек етуде. “Бастау-Бизнес” жобасы бойынша 50 адам оқуға жіберіліп,  сертификаттарға ие болыпты. Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 14 адамға 18 млн. теңгенің мемлекеттік гранты бе­рілді.

“Биылғы жыл ауданның білім беру саласы үшін жемісті болды. Түлектер ҰБТ нәтижесі бойынша жо­ғары көрсеткішке қол жеткізіп, об­лыс бойынша көш бастады. Соңғы 3 жыл­да ауданда 4 жаңа клуб және 1 кі­тапхана ашылып, мәдениет ошақтар­ының саны 36-ға жетті. Биылғы жылы жалпы құны 9 млн. теңгелік Жамбыл демалыс орталы­ғы мен Аққұдық ауылдық клубында жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар 212 млн. тең­геге Кішкенекөл ауылының орталық алаңын қайта құру жұмыстары жүр­гізілуде. Мәдениет мекемесі жоқ Көк­терек, Жас Ұлан, Тілеусай ауыл­да­рына клуб салу жоспарланып отыр. 2024 жылы олар үшін тиісті жобалық-сметалық құжаттамалар әзірле­нетін болады”, – деді аудан бас­шысы.

Ауданда спортпен 6 мыңнан ас­там адам шұғылданады, олар үшін 149 спорт нысаны қызмет көрсетеді.  Биылғы жылы 7 ауылда 50 млн. тең­геден астам қаражатқа спорттық-ойын алаңдарының құрылысы жүр­гізілді. Жүзу спортын дамыту мақсатында Кішкенекөл ауылында спорт залы бар жабық жүзу бассейінің құрылысы басталды.  Нысан келер жылдың сәуір айында қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Аманжол ЗАҒЫПАР,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp