«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ақша бопсалаған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық полиция басқармасына облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны келіп,  бейтаныс адам оның 17 жастағы ұлын қорқытып. 10 мың теңге көлемінде ақша бопсалағанын айтып, арыз жазған.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы сауда үйлерінің бірінде ақшаны алып кетіп бара жатқан жерінде 18 жастағы петропавлдықты ұстады. Тінту кезінде одан 10 мың теңге көлеміндегі ақша, пневматикалық тапанша, оқтар, жиналмалы пышақ және өсімдік тектес есірткі заттарын қолдануға арналған полимерлік ыдыс тәркіленді.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазір полицейлер ұсталған жігіттің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp