«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Биологиялық қалдықтар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жануарлардан алынатын өнім­дер мен шикізатты өндірумен, тасымалдаумен, дайындаумен жә­не өңдеумен айналысатын ұйым­дардың, сондай-ақ азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтары­ның жұмысы процесінде тұрғын­дардың және малдардың саулы­ғына нақты қауіп төндіретін едәуір мөлшерде биологиялық қалдық­тар түзіледі, олар қоршаған орта­ны ластау көзі болып табылады және жұқпалы аурулардың тара­луына ықпал етеді.

Биологиялық қалдықтарға жан­уарлар мен құстардың өлекселері, ветеринарлық конфискаттар (ет, балық, жануарлардан алынатын бас­қа да өнімдер), жануарлардан алынатын тағамдық және тағам­дық емес шикізатты өңдеу кезінде алы­натын басқа да қалдықтар жатады.

Жануарлардың жұқпалы ауру­ла­рының алдын алуда олардың өлекселерін уақтылы жинаудың және жоюдың маңызы зор. Инфек­циядан өлген жануарлардың өлек­селері мен ағзасында патогендік микроағзалар ұзақ уақыт сақ­талады. Сондықтан жануардың өлек­сесі жұқпалы аурулардың та­ралу көзі саналады.

Мал иелері жануар өлген, түсік тастаған сәттен бастап бір тәулік­тен аспайтын мерзімде бұл тура­лы ветеринар маманға хабарлауға міндетті, ол тексеру нәтижелері бойынша биологиялық қалдықтар­ды кәдеге жарату немесе жою тәр­тібін айқындайды.

Биологиялық қалдықтарды кә­деге жаратудың бір жолы – мал қо­рымдары (биотермиялық шұң­қыр­лар). Мал қорымы – санитар­лық-қорғаныш аймағын сақтай оты­рып орналасқан жануарлардың өлек­селерін залалсыздандыруға ар­нал­ған құрылыс.

Биологиялық қалдықтарды жер­ге көму, су айдындарына, тұр­мыстық қоқыс контейнерлеріне тас­тау, қалдықтарды көмуге арналған полигондарға шығару жолымен жоюға қатаң тыйым салынады.

Біржан ЖҰМАЖАН,

облыстық ветеринария басқармасы ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp