«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРІКТІ БОЛУ – ЕРЛІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде еріктілер слеті дәстүрлі түрде өткізіледі. Бұл шараның мақсаты – еріктілер қозғалысын дамыту, осы салада жүрген үздіктерді анықтап, оларды марапаттау. Жалпы биыл белсенді жастардың қатысуымен екі мыңға жуық іс-шара өткен.

– Еріктілер түрлі салада қызмет етеді. Олардың басты мақсаты – мұқтаждарға көмек көрсетіп, қоғамға пайдасын тигізу. Жалпы облыста 30 мыңнан астам адам – еріктілер ұйымына мүше. Түрлі салада еңбек ететін олардың арқасында заңгерлік, психологиялық көмек тегін көрсетіледі. Биыл түрлі қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырдық, – деді “Birgemiz” волонтерлік фронт-кеңсесінің жетекшісі Анастасия Волкова.

Еріктілер слетінде еңбегі еленіп, марапатталғандардың бірі – Әлихан Мұратқазы. Ол – Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы. 7 сыныптан бері волонтерлік қызметпен айналысады. Ол үшін ерікті болу – тек адамдарға көмек көрсету емес, сонымен қатар жаңа достар тауып, жан-жақты дамудың бір жолы.

– Екі жыл бұрын біздің мектеп қатерлі ісікке шалдыққан балаға көмектескен болатын. Мектепте қайырымдылық акциясы жарияланып, оқушылар ұйымшылдық танытты. Жиналған ақшаны әкесіне табыстағанда ол кісі көзіне жас алды. Осы жағдай маған ерекше әсер етті, – дейді ерікті Әлихан Мұратқазы.

“Волонтер жолы – 2023” облыстық слетінде түрлі жастағы 20 үздік ерікті марапатталды.

Аманжол ЗАҒЫПАР,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp