«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Есілдегі екпінді істер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында өңір аудандарының даму қорытындыларына байланысты кезекті брифинг өтіп, онда Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедияров өзі басқарып отырған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндама жасады.

Алдымен ауыл шаруашылығы саласына тоқталған Мереке Тілеу­жанұлы 10 айдың ішінде аталған саладағы жалпы ішкі өнімнің көлемі 59 млрд. теңгеге жеткенін атап өтті. Диқандар 286 мың гектар жерді игер­се, оның 218 мыңына дәнді-бұр­шақты, 47 мыңына майлы, 19 мыңы­на жем-шөп дақылдары, 1,6 мыңына картоп және 143 гектар жерге кө­көніс егілген. Биыл дәнді дақыл­дардың өнімділігі гектарынан 18,6 центнерден айналып, 406 мың тоннасы қамбаға құйылған. Ал майлы да­қылдар әр гектардан орта есеппен 10,3 центнер өнім беріп, жалпы көлемі 48 мың тонна астық орылыпты.

Аудандағы 50 шаруа қожалы­ғында 9 мың ірі қара, 2 мың қой, мың басқа жуық жылқы бар. “Заградов­ское”, “Ильинское”, “Ебжанов және К”, “Красный Сибиряк” серіктестік­теріне тиесілі бірнеше сүт фермасы жұмыс істейді. Биыл сүт өндірісі өт­кен жылмен салыстырғанда мың тон­наға артып, 9 мың тоннаға жеткен.

– Инвестициялық жобаларға кел­сек, ауданда алдағы жылдары құны 15 млрд. теңге болатын 5 жобаны жүзеге асыру көзделген. “Атамекен-Агро-Корнеевка” аумағында құны 11 млрд. теңге болатын 1,5 мың сиырға арналған ферма салынуда. Аталған фермада жылына 7,5 мың тонна сүт өндіріліп, 50 адам жұмыспен қам­тыл­мақ. “Азия-Тарангул” серіктестігі 800, “Грамлих” серіктестігі 100 бас ірі қараға арналған тауарлы-сүт фер­ма­сының құрылысын жүргізуде. “Яв­ленское МТС” серіктестігі картоп пен көкөніс өсіру көлемін 1800 гектарға арттыру және сыйымдылығы 2 мың тонна болатын көкөніс қоймасын салу үшін тиісті жұмыстар жүргізді. “Рустикус” се­ріктестігі 1500 басқа шақталған қой фермасын салу бойынша жұ­мыс­­тарды аяқтап, асыл тұқымды 300 бас қой сатып алды, – деді аудан әкімі.

Аудандағы өнеркәсіп иелері 10 айда құны 7 млрд. теңгенің тауарын саудалапты. Осы уақыт аралығында кәсіпорындар 333 тонна ет, 3297 тон­на ұн, 381 тонна нан, 680 тонна мака­рон өндірген.

Келер жылы “Қызылжар жолда­ры KZ” серіктестігі аудан орталығы­ның маңына құны 800 млн. теңге бо­ла­тын асфальтбетон зауытын са­луды жоспарлаған. Сонымен қатар өткен жылдан бері қуаты 200 Мега Ваттық 21 жел генераторын орнату бойынша жұмыстар жалғасуда.

Есілдегі 505 километрден астам автомобиль жолының 188-і ас­фальтталған. Биыл Бесқұдық ауы­лы­на кіреберістегі 25 километр жол жөнделсе, Бұлақ ауылына кіреберіс­тегі 5,5 километрді жөндеуге 61,5 млн. теңге бөлінген. Ұзындығы 13 ки­лометр Қарағай – Ақтас ауылдарына кіреберістегі аудандық маңызы бар автомобиль жолын күтіп ұстауға облыстық бюджеттен 25 млн. теңге қарастырылған. Сонымен қатар Чириковка, Тораңғұл, Николаевка, Бұлақ, Ақтас елді мекендерінің ауыл­ішілік жолдарын жөндеуге жалпы көлемі 900 млн. теңгеден астам қар­жы бағытталыпты. Аталған жобалар­дың алды аяқталса, қалғанындағы жұ­мыстар соңына таяған. Мерзімнен кешіккен мердігердің үстінен сотқа талап арыз жолданыпты.

– Бүгінде аудан тұрғындарының 88 пайызы үшін сапалы ауызсу қолжетімді. 2300 тұрғыны бар 21 ауылдың халқы ұңғыма суын пай­даланып келеді. Биыл Амангелді, Леонидовка ауылдарын сумен жаб­дықтау үшін жұмыстар жүргізіліп, шарт жасалды. Корнеевка­дағы халықты сумен қамтуда түйт­кілді мәселелер бар. Алдағы жыл­дары 13 ауылдың тұрғындары Прес­нов топтық су құбырының игілігін көрмек. Ал 8 шағын елді мекенде ар­найы блок-модульдер орнатылады. Осылайша 2025 жылдың қыркүйегі­не дейін аудан халқы 100 пайыз са­палы ауыз-сумен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда, – деді Мереке Мұ­хамедияров.

Брифинг соңында аудан әкімі Есілдегі құрылыс қарқыны, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік нысандарды жөндеу, жұмыспен қамту бойынша атқарылған істерге тоқталды.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp