«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ РУХАНИ СӘУЛЕТКЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұстаз – қадір-қасиеті мол, шексіз жауапкершілік пен тынымсыз еңбектің, қажымас қайрат пен шалқар шығармашылықтың, үздіксіз іздену мен оқып-үйренудің ада­мы болғандықтан, оған шәкірт тәрбиелеу міндеті жүктелген.

“Бәрі де мұғалімнен баста­лады” деген сөз өте орынды айтылған. Ұстаздардың адамгершілігі, сүйіспеншілігі балалардың келе­шекте жеке тұлға болып қалыптасуларына ықпал жасайды. Біздің мектепте жан жылуын, бар білімін баланың бойына сіңіріп, әр оқушысының үлкен өмірге білімді азамат болып аттануына зор үлес қосып жүрген мейірбан жүректі ұстаздар аз емес. Олардың бірқатары бүгінде зейнет демалысына шыққан.

Бар ғұмырын педагогика саласына арнаған жандарға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Алғыс хаттары табысталуда. Мұндай марапаттан Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектепте жұмыс істеген ардақты ұстаздар да кенде қалған жоқ. Жуырда саналы өмірлерін шәкірт тәрбиелеу ісіне арнаған ардагер-ұстаздарымыз Әлібек Рамазанов пен Бақыт Найманбаева еліміздің бас педагогының Алғыс хатына ие болды. Біз еңбектері ерен алдыңғы толқын өкілдерін мектепке қабырғасына арнайы шақырып, алған марапаттарын ұжымның алдында салтанатты түрде табыстадық.

Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері. Шындығында, мұғалім сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелейді. Ақын Мағжан Жұмабаев “Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты” деп тегін айтпаған. Әлібек Касенбайұлы мен Бақыт Файзоллақызының мектебіміздің дамуына, саналы, парасатты шәкірттер шоғырын қалыптастыруға қосқан үлесі орасан.

Жанар БҰҚАРБАЕВА,

“Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп” КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Мағжан Жұмабаев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp