«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ортақ парыз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сыбайлас жемқорлық – азаматтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатына тікелей әсер ететін қоғамның негізгі проб­ле­маларының бірі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қа­зақ­стандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықта­ры­ның бірі ретінде айқындалған.

Әлемде сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күресті күшейту жұ­мыстары үздіксіз жүргізілуде және ол үнемі же­тілдіріліп отыр. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға мем­лекеттік басқарудың ең жоғары дең­гейінде ерекше көңіл бөлінеді. Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес көптеген құжат­тар­да, оның ішінде Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің жыл сайын­ғы Жолдауларында көрініс табуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты бар­лық мемлекеттік органдар, ұйымдар, ква­зимемлекеттік сектор субъектілері, лауазымды адамдар, қоғамдық бір­лес­тіктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар жүргізуге мін­детті.

Мемлекеттік органдар қызметі­нің негізгі бағыттарының бірі сы­бай­лас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу болып табылады. Мем­ле­кеттік органның қызметінде сы­байлас жемқорлық тәуекел­де­рінің профилактикасы мақсатында мына­дай іс-шаралар жүргізіледі: мемле­кеттік сатып алу мониторингі, сыбай­лас жемқорлық тәуекел­дерін тал­дау, басшылардың жауапкершілігі, қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы са­раптама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

“Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы” КММ сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушы­лықтар жасауға ықпал ететін се­беп­тер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында жыл сайын басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді. Үстіміздегі жылдың ма­мыр-маусым айларында басқарма сыбайлас жем­қорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидала­рының 11-тармағына сәйкес талдау объектісінің қызметіне қа­тысты нор­мативтік-құқықтық акті­лердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қыз­метіндегі сыбайлас жемқо­рлық тәуекелдерін анықтау бойы­нша жұмыс жүргізілді.

Мемлекеттік сатып алу – мем­ле­кеттік органның барлық сатыла­рын қамтитын сала. Мониторинг ұқсас шарттардың техникалық ерекшеліктерін салыстыру, сондай – ақ бірдей тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер баға­сының негізділігін тексеру мақ­сатында жүргізіледі, мұнда негізгі міндет бюджет қара­жатының тиімсіз жұмсалуын болғызбау болып саналады.

Осы бағыт бойынша басқарма­да жүргізілген талдау шеңберінде заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Талдау барысында жұмыс тобы бар­­­лығы 4 тәуекелді анықтады (қызметті нормативтік қамтамасыз ету және ұйымдық-құқықтық жұмыс саласын­да), 5 ұсыным берілді, бас­қарма қыз­метінде сыбайлас жем­қорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құ­қық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.

Қазақстан заңнамасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты қыл­мыс жасаған мамандар үшін олар­дан лауазымы бойынша жоғары тұрған басшылардың жауапкершілігі туралы норма бар. Бұл норманың маңызы зор, өйткені бірінші басшы мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың сақта­луын қамтамасыз етеді.

Басқармада сыбайлас жемқор­лыққа қарсы мәдениетті қалыптас­тыру білім беру, ұйымдастырушы­лық және ақпараттық сипаттағы ша­ралар кешені арқылы жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл жөніндегі нормаларды сақтау мақсатында мемлекеттік қыз­метші өзінің функцио­налдық міндет­тері мен сыбайлас жемқорлыққа қар­сы және Қазақстан Республикасы­ның өзге де заңнамасының талапта­рын мүлтіксіз сақтауға, сол арқылы сыбайлас жемқорлық көріністеріне “нөлдік төзімділік” қағидатын ұста­нуға міндетті.

Азамат БАЙТЕМІРОВ,

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp