«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Талапқа қайшы әрекет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық прокуратура Әкімші­лік рәсімдік-процестік кодекс та­лаптарының сақталуын тексерді. Жергілікті атқа­ру­шы органдар аза­маттардың өті­ніш­терін қарау ке­зінде заңбұзушылықтарға жол бе­ріл­гені анық­талды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лығы, экономика, жер қатынас­та­ры, тұрғын үй инспекциясы, мә­де­ниет, құрылыс басқармаларының қыз­меткерлері Петропавл қаласы мен Айыртау, Ақжар, Ғабит Мүсіре­пов атындағы, Шал ақын, Тайынша ау­да­ны азаматтарының 58 өтініші бо­йын­ша алдын ала тыңдау рәсімін өткізбеген.

Осының салдарынан өтініш бе­ру­шілер мемлекеттік органдардың алдын ала шешімдерінің жобала­ры­на жазбаша қарсылық білдіруде заң­ды құқықтарын пайдалана алма­ған. Со­нымен қатар облыс әкімді­гінің бі­лім, денсаулық сақтау, мем­лекет­тік ең­бек инспекциясы, құры­лыс, кә­сіп­керлік, жолаушылар көлігі басқар­маларының және Қызылжар, Тими­рязев, Уәлиханов аудандары әкім­дік­терінің жауапты қызметкер­лері жеке тұлғалардың 29 өтінішіне та­лапқа сай жауап бермеген. Сон­дай-ақ облыс әкімдігінің ішкі саясат, жо­лаушылар көлігі басқармала­ры­ның, мемлекеттік еңбек инспекция­сының лауазымды тұлғалары аза­маттың өті­ніші қай тілде түссе, сол тілде жа­уап беру деген талапты орындамаған.

Ал жергілікті атқарушы орган­дар­дың жауапты тұлғалары “E-Otinish” ақпараттық жүйесінде өтініш берушілерге іс жүзінде бас тарту сипатындағы жауаптар беріл­геніне қарамастан, олардың пайда­сына 22 актіні қабылдау туралы мәліметтерді негізсіз көрсеткен. Осылайша тиісті заңнаманы бұзған.

Қадағалау органының актісіне сәйкес жергілікті атқарушы орган­дар­дың 22 лауазымды тұлғасы (оның ішінде облыс әкімдігінің ден­саулық сақтау және білім басқарма­ларының басшылары) тәртіптік жа­уапкершілікке тартылды.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp