«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚ ТАБИҒАТҚА ЗИЯН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Экология, геология және табиғи ресурстар ми­нистрлігі мен “Қазақстан ғарыш сапары” ҰК” АҚ арасында салалық waste.gharysh.kz геопорталы құ­рылды. Осының нә­тижесінде министрлікке, сондай-ақ жергілікті атқарушы ор­гандарға қоқыс полигондарын қашықтықтан зондтаудың ғарыштық суреттері ұсынылады.

Өндіріс және тұтыну қалдықта­ры орнының ғарыштық мониторингі, өндіріс және тұтыну полигондары шекараларының өзгеру динамикасын білу аса маңызды. Мысалы, жақында облыс орталығының белдеуінен 50 шақырым радиуста рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды.

Геопортал 2019 жылдан бастап жұмыс істеп тұр. Төрт жыл ішінде 2118 рұқсат етілмеген полигон, белгіленген шекараны бұзудың 274 фактісі анықталды.

2021 жылғы шілдеден бастап жаңа экологиялық кодекс күшіне енді. Оған сәйкес коммуналдық қалдықтардың айналымын бақылау аудандардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жүктелді. Егер қалдықтарды орналастырудың рұқсат етілмеген орындары анықталса, координаттары көрс­етілген ғарыштық суреттер жергілікті атқарушы органдарға заң­сыз полигонды жою жөніндегі шаралар қабылдау үшін жіберіледі.

2023 жылы 198 рұқсат етілмеген полигон анықталды, 76 полигонда белгіленген шекара бұзылған, 269 полигон жойылды (5 рұқсат етілмеген полигон жеке аумақта орналасқан). Жергілікті атқарушы орган тарапынан тарату жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ Экология, геология және табиғи ресурстар министрі мен Ішкі істер министрінің бірлескен бұйрығы негізінде 2023 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қалдықтарды рұқсатсыз орна­ластырудың жолын кесу жоспары әзірленген. Оның аясында экология департаментінің мамандары мен полиция қызметкерлерінен құралған мобильді жұмыс тобы құрылды. Рейдтік іс-шаралар барысында қо­қысты шығару және жинау қағидалары, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Мобильді жұмыс тобының мүшелері қалдықтарды орналастырудың 61 рұқсатсыз орнын анықтады, 34 қоқыс үйіндісі жойылды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметтеріне сәйкес, үстіміздегі жылдың басынан бері “Әкім­шілік құқық бұзушылық тура­лы” кодекстің 505-бабы бойынша 28 азамат жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 621000 теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республика­сының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі отырысының 2023 жылғы 15 мамырдағы № 23-21-1.1 хаттамасына сәйкес, тұрмыстық қатты қалдықтардың жаңа полигондарын салу және жұмыс істеп тұр­ғандардың мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ оларды экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі. Осы жоспарда 2027 жылға дейін облыс аудандарында 8 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу көзделген.

Биыл келіп түскен өтініштер негізінде екі ауылдық округ әкімдігінде қалдықтарды басқаруда экологиялық заңнама талаптары­ның сақталуына жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Оның нәтижесінде жол берілген заң бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 2607750 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Мәселен, Аққайың ауданының орталығы – Смирнов ауылдық округі әкімінің аппаратында жүргізілген тексеріс кезінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Қалдықтарды жинау және көму (орналастыру) кезінде санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық та­лаптар бұзылған, мемлекеттік экологиялық сараптаманы міндетті жүргізу туралы заңнама талаптары орындалмаған, қалдықтарды рұқсатсыз жинақтауға және орналастыруға жол берген.

Осы заң бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлға – Смирнов ауыл­дық округінің әкімі “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекстің тиісті бабына сәйкес қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жалпы сомасы 198375 теңгеге әкімшілік жауапкер­шілікке тартылды. Аталған кодекстің 328-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Ол қа­рау және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Аққайың аудандық со­тының қаулысымен әкім аппаратына 700 АЕК (2383500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Ақжар ауданындағы Қулыкөл ауылдық округі әкімінің аппара­тында жүргізілген тексеріс кезінде ауылдық округ аумағында қоқыс шашу фактісі анықталды. Бұл олқылық үшін Қулыкөл ауылдық округінің әкімі “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекстің 324-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 25875 теңге сомасында айыппұл са­лынды. Сонымен қатар анықталған заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.

Азамат БЕКТАСОВ,

облыстық экология департаментінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp