«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алты жылға сотталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы мектептердің бірінде қатарластарына балта ала жүгірген оқушыға қатысты сот үкімі шықты. Естеріңізге салсақ, 14 жастағы күдікті үш баланы жарақаттаған болатын.

Оқыс оқиға биылғы жылғы ақпанның 13-інде №4 орта мектепте орын алған. Таңғы 7:50 шамасында білім ошағына өзімен бірге ас үй балтасы мен пышақ әкелген Давид Джакеладзе бетіне қолдан жасалған бетперде тағып, шабуылға шыққан. Алдымен 10-шы сынып оқушысын кезіктіреді. Бірден шабуыл жасап, оны жарақаттап үлгерген. Мектептің екінші қабатының дәлізінен тағы бір оқушыны көріп, оған да бірнеше соққы жасайды. Оны жоғары сыныптарда оқитындар тоқтатыпты. Абырой болғанда, адам өлімі тіркелмеді. Жарақат алғандар бірден аурухана жеткізілді.

Давид Джакеладзе ісіне қатысты сот отырысы Петропавлдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтті. Үкім шығарылмас бұрын барлық процесстерге алқа билер қатысты.

Бұған дейін Давид Джакеладзенің қорғаушылары күдікті психиатриялық диспансерде есепте тұрғанын алға тартқан болатын. Кейін судья Әбдіқаһар Еркебаевтың шешімімен сотталушыға медициналық және психиатриялық сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысына сай жеткіншектің ақыл-есінің дұрыс екені анықталды.

Прокурор Давид Джакеладзеге Қылмыстық кодекстің 24-бабы 2-бөлігі, 99-бабы бойынша 6 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Судья тағылған айыппен келісіп, заңды шешім шығарды. Енді сотталушы кәмелетке толмағандарға арналған қауіпсіздігі орта деңгейдегі түзету мекемесінде жазасын өтейді.

Аманжол НҰРТАЗИН.

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp