«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Базалық ставка төмендеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлттық банк 24 қараша кү­ні базалық ставканы 15,75 па­йыз деңгейінде бе­кітті. Елі­міздегі ең басты қаржы ұйы­мы биыл база­лық ставканы қатарынан үшін­ші рет тө­мен­детіп отыр. Алғаш рет биыл тамызда 16,75-тен 16,50 пайызға түскен болатын.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, бұл рет­те назар аудармаса болмайтын же­келеген тәуекелдер жоқ емес. Олар – азық-түлік бағасының өсуі, негізгі сауда-серіктесіміз – Ресей­дегі инфляция, өз ішіміздегі ин­фляциялық күтулердің динамика­сы және бюджеттік шы­ғын­дар.

Сыртқы секторда инфляция­лық қысымның төмендегені байқа­лып отыр. Бұл қатаң мо­нетарлық сая­саттың әсерін, азық-түлік ба­ға­сының оң динамикасын және энер­гия ба­ға­сының қысқа мер­зімге баяу­лағанын білдіреді. Соған қа­ра­­мастан, қысқамерзімді келе­шек­те проинфляциялық фактор­лар­дың ықпалы біршама күше­йеді деп кү­теміз”, – дейді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, биыл база­лық сценарийде инфляция 9,3-10,3 пайыз шегінде болжанып отыр. Болжамды осы жылға қайта қарау тұрғын үй-коммуналдық қыз­меттер тарифінің және азық-түлікке жатпайтын тауарлар ба­ға­­сы­ның бірқалыпты өсуіне байланысты. Ортамерзімді келешекте сыртқы орта қысымының әлсіреуі және мо­нетарлық сая­сат­тың ұстамды қа­таң сипаты инфля­ция­ның төмен­деуіне ықпал етеді. Алдағы жыл­дар­ға болжам мынадай: 2024 жылы инфляция 7,5-9,5 пайыз дең­ге­йінде, 2025 жылы 5,5-7,5 пайыз деңгейінде сақ­талады.

2024 жылы инфляция одан әрі баяуласа, Ұлттық банк инфля­ция­ны тұрақтандыру үшін орта­мер­зімді келешекте ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақ­тап, мөлшерлемені бір­қа­лыпты төмен­детуді қай­та қарас­тырмақ. Бұл ретте д­ерек­тер­ді жинақтау және тәуе­келдер балансын бақылау үшін базалық мөлшерлемені өз­гер­­туде кідіріс болуы да мүм­кін.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp