«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұрмысы келісті, бірлігі бекем

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ауылдардың  көп жағдайда сол елді мекенде тұратын еңбекқор жан­дардың игі істерінің арқасында даңқы аспандайтыны белгілі. Біздің өңірімізде ауыл шаруашылығы саласы мамандарының жұмысы жоғары бағаланады. Ғабит Мүсіре­пов атындағы ауданда қазіргі уақыт­та осындай үлгі тұтар елді мекендер де, ауылын көркейтіп жатқан ша­руа­шылықтар да аз емес. Бірлік ауылындағы мектептің 8-сыныпқа дейінгі оқушылары осындағы ша­руа­шылықтың есебінен тегін тамақ­танады.

Бірлік орта мектебінде барлығы 116 оқушы болса, соның 87-сіне түс­кі ас тегін беріледі. Ал, қалған жоға­ры сынып оқушылары үшін тамақ бағасы небәрі 250 теңге. Мектептің мұғалімі Алма Иманованың айтуын­ша, “ES GLOBAL AGRO” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі асхананы толық жабдықтап берген. Сондай-ақ қажетті азық-түлікпен қам­тамасыз етіп отыр.

Кәсіпкер жолды, әлеуметтік ны­сандарды жөндеуге жыл сайын қа­ражат бөледі. Тұрғындар тұрақты жұ­мыспен қамтылған. Александр По­номаренко бұл ауылда 40 жыл­дан астам уақыт бойы тұрып жатыр.   Ол кө­лік жүргізушісі болып жұмыс іс­тейді. Бүгінгі тұрмысына көңілі то­лады.

“Малға қажет жем-шөп, сондай-ақ пай беріледі. Пайдың мөлшері шыққан өнімге байланысты. Егер неғұрлым жоғары өнім алса,  бері­летін пай да көп болады. Сондықтан жақсы өнім алу үшін бар күшімізді салып жұмыс істейміз”, – дейді ауыл тұрғыны.

“ES GLOBAL AGRO” жауапкер­шілігі шектеулі серіктестігі бүгінде 150 адамды тұрақты жұмыспен қам­тып отыр. Орақ қызған шақта жұмысшылар саны артады. Серік­тестік жергілікті тұрғындардың қа­жеттілігін ескеріп, ауылдағы әлеу­меттік ғимараттарды жөндеп, пай­далануға берген. Бірлігі жарасқан, түтіні түзу ұшқан ауылдан ешкімнің кеткісі жоқ. Себебі, өмір сүруге қолайлы. Бұл – ауылдың ең үлкен жетістігі.

“Бізде 22 мың гектар егістік жер бар. Соның 13 мыңға жуығы – тұр­ғындарға тиесілі. Арнайы келісім бойынша жұмыс істейміз. Шартқа сәйкес, жыл сайын өнімнің 7 пайызын адамдарға беруіміз керек. Дәл қазіргі уақытта біз пайды үлестіріп болдық”, – дейді шаруашылықтың директоры Матвей Скорняков.

Гүлжан Табдығова да – осы ауыл­дың тумасы. Ол – серіктестікте аспаз. Биыл ауыл шаруашылығы қызмет­керлері күніне арналған салтанатты шарада оған үздік маман ретінде құрмет көрсетілді. 

“Жергілікті биліктің еңбегімді бағалап, елеп-ескергеніне өте риза­мын. Жұмысым өзіме ұнайды. Жыл сайын түрлі сый-сияпат, мақтау қа­ғаздарын алып тұрамыз. Үйде мал ұстаймыз. Ал серіктестік сол төрт-түлігімізді жемазықпен қамтамасыз етіп отыр”, – дейді Гүлжан Табды­ғова.

Диана Батықова – жас кәсіпкер. Өзінің қайсар мі­незі мен еңбекқорлығының арқа­сында бүгінде “Нежинка-Агро” серіктестігінің ісін өрге домалатып отыр. Ол әкесі Мұрат Жұмабековтің ісін жалғастырып қана қоймай, ауылға жаңа леп әкелген.

“Бүгінгі күні мен балалар ала­ңының құрылысын аяқтадым. Онда футбол, баскетбол алаңдары, түрлі әткеншектер бар. Біз балалардың саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдана алуы үшін бар күшімізді саламыз”, – дейді жас кә­сіпкер.

Балалар алаңында ойын құралдарына ғана емес, қауіпсіздікке де ерекше назар аудары­лыпты.

Ал “Нежинка Агро” серіктесті­гінде 450 пай иесі бар. Тұрғындар­дың үлестері ақшалай беріледі. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары арзан бағамен жемшөп те алады. Чер­вонное елді мекенінің тұрғындары 900-ге жуықтайды. Бүгінде мұнда сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Гри­горий Каратай ферманың ашылған сәтінен бастап еңбек етеді. Қазір ол – сауыншы.

“Мен осы ауылда туып, өстім.  Туған жерім көз алдымда көркейіп келеді. Жұмысым да қиын емес. Технологияның дамыған зама­ны ғой. Жалақы жағынан да ешқандай мәселе жоқ. Уақытылы алып тұрамыз. Ал пай әрбір жиын-терім науқанынан соң міндетті түрде бе­ріледі. Кейде ақшалай, кейде бидай ретінде аламыз”, – дейді ауыл тұр­ғыны.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp