«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЮДЖЕТ ТОЛЫҚ ИГЕРІЛМЕГЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің кезекті отыры­сында экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов пен қаржы басқармасының басшы­сы Наталья Дышкант өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді.

Қалижан Серікұлы осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқтала келіп, қысқа мерзімді экономи­калық индикатор 96,7 пайызды құрағанын, экономикаға 336,8 млрд. теңге инвестиция құйылып, өткен жылға қарағанда өсімнің 20,3 пайызға көбейгенін тілге тиек етсе, Наталья Ген­надьевна 1 қарашаға дейін  облыстық бюджет 96  млрд.  462,7 млн. тең­ге жергілікті кіріспен толыққанын, атқарылған шараларға қарамастан 5 млрд. 455,6 млн. теңге игерілмей қалғанын баяндады.

Есепті кезеңде 23872 адам жұ­мысқа орналастырылып, 10368 жаңа жұмыс орны ашылған. Өкініш­ке қа­рай, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, ақылы қызмет көр­се­ту бағасының біршама өскені байқалады.

Облыс әкімі басқарма басшыла­ры мен аудан, қала әкімдеріне бірқатар тапсырмалар беріп, нақты міндеттер жүктеді.

Облыстық әкімдіктің отырысы жайлы толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Өмір ЕСҚАЛИ,

 “Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp