«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Полицияның сенімді көмекшілері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Белсенді азаматтық ұстанымы бар еріктілер, атап айтқанда,  “Lider. kz” ұйымының қатысушылары, “Қамқор” студенттік ұйымы – полицейлермен бірге хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіреді, рейдтік іс-шараларға және профилактикалық акцияларға жиі қатысады. Петропавлдықтар тәртіп сақшыларымен бірге брошюралар мен жадынамалар тарататын, интернет-алаяқтардың айла-амалдарын түсіндіретін, есірткінің зиянды әсері туралы әңгімелейтін жастарды көшелерден жиі кездестіруге болады.

Бүгінгі таңда Петропавлдағы 356 бейнекамера учаскелік полиция пункттеріне қосылған. Учаскелік инспекторларға жүктелген міндеттер олардың монитор алдында көп уақыт өткізулеріне мүмкіндік бермейді, сондықтан бұл мамандардың орнын кей жағдайда ерікті көмекшілер ауыстырады. Жыл басынан бері олар 7 қылмысты ашуға жәрдемдесіп, 2191 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға көмектесті.

Облысымызда құқық қорғау бағытындағы 334 қоғамдық құрылым жұмыс істейді, оның ішінде 126 “Сақшы-Сарбазы” отряды, 5 студенттік отряд, 191 жұртшылық кеңесі бар. Олардың барлығы қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылады, облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосады.

Айдын БАЙМАТОВ,

облыстық полиция департаментінің  жергілікті полиция қызметі  басқармасының бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp