Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің кезекті отырысында экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов пен қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді.
Қалижан Серікұлы осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқтала келіп, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 96,7 пайызды құрағанын, экономикаға 336,8 млрд. теңге инвестиция құйылып, өткен жылға қарағанда өсімнің 20,3 пайызға көбейгенін тілге тиек етсе, Наталья Геннадьевна 1 қарашаға дейін облыстық бюджет 96 млрд. 462,7 млн. теңге жергілікті кіріспен толыққанын, атқарылған шараларға қарамастан 5 млрд. 455,6 млн. теңге игерілмей қалғанын баяндады.
Есепті кезеңде 23872 адам жұмысқа орналастырылып, 10368 жаңа жұмыс орны ашылған. Өкінішке қарай, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, ақылы қызмет көрсету бағасының біршама өскені байқалады.
Облыс әкімі басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне бірқатар тапсырмалар беріп, нақты міндеттер жүктеді.
Облыстық әкімдіктің отырысы жайлы толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.
Өмір ЕСҚАЛИ,
“Soltüstık Qazaqstan”.