Италияда конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының екінші кезеңі өтті. Жарысқа 20 елден 150-ден астам спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде солтүстікқазақстандық Инесса Шумекова жеңімпаз атанды.
Жерлесіміз 1000 метр қашықтықта алтын медальді жеңіп алды. Бұдан бөлек, Инесса Шумекова конькимен жүгіруден 500 метрлік қашықтықта екінші орынға ие болды.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.