«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жас балуандар белдесуі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда грек-рим күресінен Кеңес одағының спорт шебері Уәлихан Нұркеевті еске алу турнирі өтті. Екі күнге шақталған жарысқа еліміз бен Ресейдің көрші облыстарынан 16 команда қатысты.

Уәлихан Нұркеевті еске алуға арналған дода облыс орталығында жыл сайын ұйымдастырылады. Биылғы жарыста 2012 жылы туған балалар бақтарын сынады. 200-ге тарта жас балуан 15 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

– Уәлихан Нұркеевтің есімі спортсүйер қауымға жақсы таныс. Сондықтан болар, турнирге Ресейдің Қорған, Омбы облыстарынан және еліміздің өзге өңірлерінен жас балуандар көптеп келді, – дейді жарыстың бас төрешісі Максим Евсеев.

Жарыс қорытындысы бойынша  жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Оларға дипломдар мен медальдар табысталды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

 “Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Самат БАЙҒАЗЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp