«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көне кебіс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі бағалы жәдігерлердің бірі – кебіс. Оны музей қызметкерлері Петропавл қаласының тұрғыны Мусинадан (есімі белгісіз) сатып алған. Бұл кебісті 1917 жылы Қарағанды облысына қарасты Жаңарқа елді мекеніндегі ұста Зәкірия Мусинаның ата-анасының тапсырысы бойынша тіккен. Ұста бұл жұмысы үшін бір  түйе алған.

Аяқ киімнің қонышы қиғаш кесілген. Бірнеше қабатты, қалың былғарыдан тігілген, өкшесінің ұзындығы – 7 сантиметр. Алдыңғы жағында күміс сыммен бірнеше қатарға тігілген кішкентай лапельдер орналасқан. Олар дөңгелек және фигуралы күміс тақтайшалармен, олардың ішіне басылған нүктелермен, түзу сызықтармен (алдыңғы жағында) қалпақтары бар мыс шпилькалармен безендірілген.  Бірнеше жерден күміс сыммен тігілген, беріктігі үшін ұзындығы 10 сантиметр болатын темір  пластинамен жабдықталған.

“Кебісті етік сияқты мол, кең етіп тікпейді. Кебісті былғарысын жібітіп, қалыпқа түскен соң қатты тартып, ыспалай отырып қатырады. Астары мен күлшіннің аралығына желім құйып қатайтады. Шажамайдың, күлшіннің сырты жұмырланып тұрады. Кебістің өкшелігі мен ернеуінің арасы, яғни шажамайы жақсы былғарымен астарланады. Сыны бұзылмау үшін кебістің ұлтарағы мен өкшеліктеріне ең шымыр ұлтандар мен тоздар (қайыңның қабығы) салынып, кепкен қайың шегемен бекітіліп, тарамыспен тігіледі. Аяқтан түсіп қалмауы үшін оны тереңдеу етіп, үстін молырақ шығарып тігеді. Кебістің былғарысын оюлап, кестелеп, оның ернеулерін кепсерлеп, өкшелігіне мық (басы бүркеншікті әшекейлі шеге) қағып, өкшесіне жезден, мыстан нәл орнатып, шажамайларын күміспен өрнектеп, ернеуіне сызықты ою батырып немесе түрлі тігіс өрнектерімен әшекейлейді”, – дейді қолөнерші Мұрат Бекөнер.

Мамандар музей қорындағы кебістің осы талаптарға сәйкестігін айтуда.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

 “Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp