«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құмар ойынның құрығы ұзын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Осы күні ұрпақ тәрбиесі бұрын соңды болмаған соққыға ұшырауда. Түрлі теріс көзқарастар, жат әдеттер, шамадан тыс ойын-сауық кейінгі буынның бойына дерт болып сіңіп жатыр. Сондай заман кеселдерінің бірі – құмар ойынға тәуелділік. Тапқан-таянғанын бәске тігетін жастарды жөнге салу – аға буынды алаңдатып отырған мәселе. Әсіресе соңғы уақытта бұл түйткіл қоғамда қызу талқыланып, түрлі ұсыныстар айтылуда. Облыс орталығында өткен семинарда да лудоманияның алдын алу жөнінде құнды пікірлер ортаға салынды.

Білім беру ұйымдарының арасында алғаш рет өткен облыстық семинарға 300-ге жуық мұғалім қатысты. Шара қонағы жазушы, публицист Жан Ақжанов жиналғандарға құмар ойындардың зияны туралы айтып, оның алдын алу жолдарын түсіндірді. Бүгінде елімізде 350 мыңнан астам адам құмар ойындардың зардабын тартып отыр екен. Егер тиісті шаралар қабылданбаса болашақта бұл көрсеткіштің одан да жоғары болары анық.

– Мен лудомания тақырыбын ұзақ зерттедім. Осы тақырыпта жазылған кітабым жарыққа шықты. Тәуелділік – өте қауіпті індет. Зерттеу нәтижесінде түйгенім – қатердің алдын алу үшін тәрбиені мектептен бастап қолға алуымыз керек. Қазір құмар ойын ұйымдастырушылар өздерінің бизнес-схемаларын құрып алған. Соның салдарынан жастардың көбі жеңіл ақшаға қызығады, – дейді Жан Ақжанов.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp