«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Желтоқсан 8, 2023

ҚАРЖЫНЫ ИГЕРЕ АЛМАУ – БАСШЫЛАРҒА СЫН

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің кезекті отыры­сында биылғы жылдың 10 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, бюджеттің шығыс және кіріс бөлігінің орындалуы қаралды. Экономика басқармасының бас­шысы Қуанышбек Қалижановтың есебінен мал шаруашылығы өнімде­рінің көлемі 2,2 пайызға ұлғайғаны­мен, жалпы шығарылымы 775,3 млрд. теңгеге жеткен ауыл шаруа­шылығының нақты көлем индексі 15,1 пайызға төмендегені белгілі бол­ды. Астық және …

ҚАРЖЫНЫ ИГЕРЕ АЛМАУ – БАСШЫЛАРҒА СЫН Read More »

Береке басы – бірлікте

Тәуелсіз Қазақстанның басты же­тістігі – тұрақтылық пен келісім. Бір шаңырақ астына түрлі этнос өкілдері бірігіп, тату-тәтті, ынтымақ­та өмір сүріп жатқанын әр қазақ­стандық мақтан етері сөзсіз. Бірлігі­мізді нығайтуға қызмет етуді басты мақсат, негізгі мін­дет деп санайтын Қазақстан халқы Ас­самблеясының атқарып отырған жұмысы ұлан-ғайыр десе де болады. Қазақстан халқы Ассамблеясының “Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақты­лық, даму” атты ХХХІІ …

Береке басы – бірлікте Read More »

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

Қазіргідей алмағайып заманда сәл ғана қалғып кетсек, артқа тар­тып, аяғымызға тұсау болатын кесел көп. Сондай дерттің бірі – жемқорлық. Елі­нің ертеңіне жол салмай, біреудің қалтасына қол салатындар­дың кесі­рі­нен талай елдің басына қара түнек орнап, ертеңі бұлыңғырға айналды. Сондықтан да қоғам үнемі сергек болып, жең ұшынан жалғасқан заң бұзушылыққа қарсы тұруға әрдайым сақадай сай болуға тиіс. …

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ Read More »

ТЫҢ ЖОБАНЫ ҚОЛДАУҒА ӘЗІР

Австриялық компания өңірде ин­вестициялық жобаны жүзеге асы­руға ниетті. Облыс әкімі Ғауез Нұр­мұхамбетов “Kronospan Holding East” компаниясының өкілі, инвести­­циялық жобаның Орталық Азияда­ғы басшысы Томаш Янчакпен кездесті. Шетелдіктер өңірде жоңқалы тақталар шығару жобасын жүзеге асырмақ. Себебі австриялық ком­пания осы салаға бағдарланған. Әрі әлемге белгілі сапалы ағаш өнімдерін шығарумен танымал. – Экономиканы дамытудың ма­ңызды бағыты – ағаш өңдеу …

ТЫҢ ЖОБАНЫ ҚОЛДАУҒА ӘЗІР Read More »

Жер мәселесі өзекті

Жер дауы – көптің көкейінде жүрген мәселе. Әсіресе бір кез­дері заңсыз жолмен көлденең көк ат­ты­ның қолында кеткен жерлерді қайтару ауылдағы ағайын­ның бас ауруына айнал­ғалы қашан. Әділдік іздеп бармаған жерлері, баспаған таулары жоқ. Сотта біресе жеңіп, біресе жеңілген халық кімге шағымда­нарын білмей дал. Жуырда Орталық коммуника­циялар қызметінде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен өт­кен баспасөз мәслихатында бұқара­лық …

Жер мәселесі өзекті Read More »

Ауылдағы жаңа спорт кешені

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Есіл ауданына барды. Өңір басшысы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, Явленка ауылындағы жаңадан ашылған дене шынықтыру-сауықтары кешенінің жұмысымен танысты. Спорттық нысанды салуға үш жыл жұмсалған. Заманауи та­лаптар бойынша салынған ғимаратта кез келген спортпен шұғылдануға жағдай жасалған. Үйірмелерге балалар сағат таңғы 9:00-ден кешкі сағат 22:00-ге дейін бара алады. Бүгіндері мұнда 8 …

Ауылдағы жаңа спорт кешені Read More »

Азат елдің басты құндылығы

Тәуелсіздік күні қарсаңында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің тарихи музейінде танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Шараға қатысқан студенттер Тәуелсіздік тарихы жайлы баяндамалар жасап, өз өнерлерін көрсетті. Азаттық – аяулы бабаларымыздың сан ғасырлық асыл арманы, егемен еліміздің ең басты құндылығы. Азаттық үшін күрес жолында халқымыз талай қиын кезеңдерден өтіп, қан кешіп, қайғы жұтты.  Қанша жыл ұлтымызға арман болған …

Азат елдің басты құндылығы Read More »

Қан тапсыру – қаһармандық

Мамандандырылған күзет қызметі мамандарының арасында “Қайырымды істер марафоны” өткізілуде. Акцияға қатысқан полицейлер жақсылық жасап жарысуда. Мекеменің бір топ қызметкері науқас  жандарға донор болды. Облыстық  қан орталығына 40-тан астам маман келді. Олардың көбі осыған дейін де бірнеше рет қан тапсырған. Қызметкерлер өзгенің өмірін сақтап қалуға көмектесуді азаматтық борышы санайды. Жалпы бүгінде мамандандырылған күзет қызметінде 430-дан астам …

Қан тапсыру – қаһармандық Read More »

КӨЛІГІҢІЗДІ ТІРКЕП ҮЛГЕРІҢІЗ!

Облыстық полиция департаментінің процессингтік орталығы шетелдік автокөліктерді заңдастыруды рәсімдеуге бір айдан аз уақыт қалғанын еске салады. Шетелдік тіркеудегі көліктерді заңдастыру туралы 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін берілген өтінімдер 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ғана қаралады. Полицейлер шектелген мерзімдерді еске отырып, автокөліктердің иелерін заңдастыруды аяқтауға және көлік құралдарын тіркеуге қоюға шақыруда. 2023 жылғы 23 қаңтардан бастап …

КӨЛІГІҢІЗДІ ТІРКЕП ҮЛГЕРІҢІЗ! Read More »

Құмар ойынның құрығы ұзын

Осы күні ұрпақ тәрбиесі бұрын соңды болмаған соққыға ұшырауда. Түрлі теріс көзқарастар, жат әдеттер, шамадан тыс ойын-сауық кейінгі буынның бойына дерт болып сіңіп жатыр. Сондай заман кеселдерінің бірі – құмар ойынға тәуелділік. Тапқан-таянғанын бәске тігетін жастарды жөнге салу – аға буынды алаңдатып отырған мәселе. Әсіресе соңғы уақытта бұл түйткіл қоғамда қызу талқыланып, түрлі ұсыныстар айтылуда. …

Құмар ойынның құрығы ұзын Read More »

Айыппұл төлемегендер анықталды

Облыс аумағында “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Полиция қызметкерлері заманауи техникалық арсеналды кеңінен қолдануда. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Мегакам. Қорғау” арқылы жолдарда қырыққа жуық борышкерді анықтады. Сондай-ақ, оларды “интеллектуалды бейнекамералар” деп аталатын аппараттық және бағдарламалық кешендер тіркейді. Олардың көмегімен  88 борышкер анықталды. Сонымен қатар, учаскелік инспекторлар әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар жүргізушілермен әңгімелесті. Әкімшілік полиция қызметкерлері …

Айыппұл төлемегендер анықталды Read More »

“Олимпиадалық салмаққа ауысқым келеді”

Күрес десе, ішер асын жерге қоятын халық екеніміз ешкімге жасырын емес. Жүрегінің түгі, білегінің күші бар талай тарландарымыз болғанын тарихтан білеміз. Қажымұқан, Балуан Шолақтардың ізін басқан жігіттер теріскейде де жетерлік. Ахметжан Қазымбетов, Уәлихан Нұркеев, Жамбыл Тасеменов, Бауыржан Құлжановтарды білмейтіндер кемде-кем. Олардың ізгі жолын жалғастырып, көк туымызды көкте желбіретіп, әнұранымызды шырқатып жүргендердің бірі – Аманғали Бекболатов. …

“Олимпиадалық салмаққа ауысқым келеді” Read More »