Облыс аумағында “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Полиция қызметкерлері заманауи техникалық арсеналды кеңінен қолдануда. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Мегакам. Қорғау” арқылы жолдарда қырыққа жуық борышкерді анықтады. Сондай-ақ, оларды “интеллектуалды бейнекамералар” деп аталатын аппараттық және бағдарламалық кешендер тіркейді. Олардың көмегімен 88 борышкер анықталды. Сонымен қатар, учаскелік инспекторлар әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар жүргізушілермен әңгімелесті. Әкімшілік полиция қызметкерлері оларға телефон арқылы хабарласты.
Біз құқық бұзушыларға айыппұлдар туралы хабарламаларды елемеудің салдары ауыр болатынын айтқымыз келеді. Хаттама толтырылғаннан кейін 40 күн өткен соң материал жеке сот орындаушыларына беріледі. Мұндай борышкердің көлігі айыппұл төленгенге дейін арнайы автотұраққа қойылуы мүмкін. Облысымызда “Борышкер” жедел-профилактикалық шаралары өткен күндері 466 жол ережесін бұзушыдан айыппұл өндірілді.
Серік ӘЛЖАНОВ,
әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі.