«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Желтоқсан 11, 2023

ТОҚСАН АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті баспасөз мәслихатында қала әкімі Серік Мұхамедиев облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын баяндады. Сонымен қатар болашақта жүзеге асырылар жоспарлармен таныстырып, тұрғындар тарапынан және бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көтерілетін мәселелерге тоқталды.  Үстіміздегі жылы облыс орталығында ауқымды жұмыстар жүргізілді.  Биыл қалалық бюджет көлемі 82,8 млрд. теңгені құрады. Салықтар және басқа да міндетті төлемдер …

ТОҚСАН АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ Read More »

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ КӘСІПОРЫН

С.М. Киров атындағы зауыттың құрылғанына — 95 жыл Петропавлдағы “С.М.Киров атындағы зауыт” акционерлік қоғамының құрылғанына биыл 95 жыл. Айтулы күнге орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында салтанатты шара ұйымдастырылды. Бұл күні зауыттың ардагерлері, еңбек озаттары марапатқа ие болды.  “С.М. Киров атындағы зауыт” акционерлік қоғамында қазіргі уақытта 500-ге жуық адам еңбек етеді. Олардың қатарында …

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ КӘСІПОРЫН Read More »

Суару каналы қайта жаңғыртылады

Шал ақын ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында аудан әкімі Рахат Смағұлов баяндама жасап, бір жылда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Аудан әкімінің сөзінше,  бюджет көлемі өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай артып, салықтық түсімдер 15 пайызға көбейіп, 8,4 млрд. теңгеге жеткен. Деректерге сенсек, мұндағы орташа жалақы 234 мың теңгенің маңайында. Жыл басынан бері ауданға 17,9 …

Суару каналы қайта жаңғыртылады Read More »

БЕСКӨЛДЕГІ БӨДЕНЕ ФЕРМАСЫ

Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы Сағитовтар отбасы бөдене фермасын ашты. Бұл кәсіпті жақында бастаған ерлі-зайыпты құйылған инвестиция екі жылдан кейін өз жемісін беріп, ферма пайда әкеледі деген сенімде. Жаңадан ашылған бөдене фермасы – “Ауыл аманаты” бағдарламасының жемісі. Отағасы Радик Сағитовтың айтуынша, олар бағдарлама аясында 5 жыл мерзімге 2,5 пайыз мөлшерлемемен несие алған. “Жобаның жалпы құны шамамен …

БЕСКӨЛДЕГІ БӨДЕНЕ ФЕРМАСЫ Read More »

Өңірдің брендтері

“Бір ауыл – бір өнім” жобасының жеңімпаздары үшін кәсіпкерлер палатасының алаңында Техникалық реттеу және метрология комитеті облыстық департаментінің және облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Аталған жобаның мақсаты – жергілікті өнімнің сапасын арттыру, жергілікті брендтерді құру, маркетинг және нарықтағы өнімнің құндылығын арттыру. Оған қатысуға өңірден 15 кәсіпкер өтінім беріп, олар өз өнімдерін “Бір ауыл …

Өңірдің брендтері Read More »

АУЫЛ КӨРКЕЙСЕ – ЕЛ ӨРКЕНДЕЙДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа ар­наған Жолдауларында ауылды дамыту мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Президент болып қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы Жарлығында “Мен ауылдық аумақ­тарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырдым. Бұл – менің жаңа пре­зиденттік өкілеттігім бас­талғаннан кейінгі алғашқы Жарлы­ғым. Келесі жыл ауыл тұрғындары­ның әл-ауқатын арттыруға және тұр­мыс сапасын жақсартуға арналады. Ауылды өркендетудің мүлдем тың тәсілдері керек”, …

АУЫЛ КӨРКЕЙСЕ – ЕЛ ӨРКЕНДЕЙДІ Read More »

ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢАРТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАСАЛДЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхам­бетов “Петропавл жылу желілері” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып, атқарылып жатқан жұмыс жайымен танысты. Кәсіпорынның қысқы маусымға дайындығын тексеріп, мамандардан жылыту маусымына дайындықта­рын сұрастырды. Әңгіме барысында белгілі болғандай, жылу желілерінің тозуын азайту бойынша жүргізіліп жат­қан кешенді шаралар әлі де аздық етеді. Өйткені қолдағы мәліметтерге қарағанда, қаладағы 270 ша­қырым құбырдың 70 пайыздан аста­мы тозған. …

ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢАРТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАСАЛДЫ Read More »

Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Аққайың ауданының орталығы – Смирново ауылында екі қабатты үйде газ баллоны жарылып, бір адам мерт болды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов оқиға орнына жедел жетіп, мәнжайды біліп, тиісті тапсырмалар берді. “Өкінішке қарай, өрт бір адам­ның өмірін қиды. Отбасы мен жақында­ры­на қайғыларына ортақтасып, кө­ңіл айтамын. Зардап шеккен отбасыға барлық қажетті көмек көр­сетіледі. Қала және аудандар әкімдерімен шұғыл …

Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі Read More »

ЖҰМЫСЫ БАРДЫҢ ТҰРМЫСЫ ТҮЗУ

Жергілікті кәсіпкерлердің іскерлігінің арқасында соңғы жылдары ауылдар көркейіп келеді. Биыл Щучье елді мекенінде қараусыз қалған мектеп ғимаратының орнына 100 млн. теңгеден астам қаржыға мәдени-демалыс орталығы салынды. Спорт, банкет залы, асхана, демалыс орны, монша ашылды. Орталықта тұрғындарға қажеттінің барлығы бар. Тіпті, дүкен, шашта­разға дейін ойластырылған. Кәсіпкердің сөзінше, ғимараттың екінші бөлігінде фельдшерлік-акушерлік пункт және балалардың демалыс орны …

ЖҰМЫСЫ БАРДЫҢ ТҰРМЫСЫ ТҮЗУ Read More »

Желтоқсан құрбанын еске алды

Екі жылғы коронавирустық үзілістен кейін жерлесіміз, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Нұржан Қалиасқаровты еске алу турнирі қайтадан жанданып, осымен 25-ші мәрте  жалауы желбіреді. Спорттық жарысты тамашалауға батыр оғланның туыстары, қоғамдық ұйым және зиялы қауым өкілдері келді. Турнирдің ашылу рәсімінде      Н.Қалиасқаров атындағы “Желтоқсан” ұйымының төрағасы Өмір Есқали, Абай атындағы гимназияның директоры Шегебай Нұрғожин сөз алып, қазақтың …

Желтоқсан құрбанын еске алды Read More »

Аязда абай болайық

“Бірнеше күннен бері сақылдаған сары аяз бетті қарып тұр. Қызылшұнақ қаһарына мінерден бірер күн бұрын төтенше жағдайлар департаменті елге ескерту жібергенімен, елеген адам бар ма десеңізші. Жолда қалған жолаушылар, үсік шалған адамдар құтқару қызметінің де, дәрігерлердің де жұмысын көбейтті. Өткен аптада Петропавлда  9 адамды үсік шалды. Олардың төртеуі ауруханаға жатқызылды. Облыста сынап бағанасы минус -30-дан …

Аязда абай болайық Read More »

Қорадан қой ұрлаған

Жамбыл ауданының полиция бөліміне Баян ауылында болған мал ұрлығы фактісі туралы арыз келіп түскен. Түнде белгісіз қылмыскер қораға кіріп, төрт қойды ұрлап кеткен. Бораннан кейін полицейлер оқиға орнынан шананың ізін анықтаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Архангелка ауылының 35 жастағы тұрғынының қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін екенін анықтаған. Ұрланған қойлар орманнан табылып, сол жерде үй маңындағы …

Қорадан қой ұрлаған Read More »

Жатақханада есірткі сатыпты

Петропавлдағы жатақханалардың бірінде тұратын әйел есірткі саудасымен айналысты деген күдікке ілікті. Келіншектің төртінші сыныпта оқитын қызы бар екен. Полицияға бұл жағдайды жатақхана тұрғындары хабарлаған. Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ақпаратты тексеріп, 47 жастағы қала тұрғынын ұстады. Оның бөлмесінен “тұз” деген атаумен белгілі “α-PvP” есірткісінің төрт түйіншегі тәркіленді. Аталған факті Қылмыстық кодекстің …

Жатақханада есірткі сатыпты Read More »

Ақпараттық жүйенің артықшылығы

Автокөлікті қайта жабдықтау және басқа да қызметтер сияқты өзекті мәселелер бойынша полицияға тез, сенімді, ашық түрде жүгінуді “Е-Otinish” ақпараттық жүйесі – азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы жасаған ыңғайлы. Жүйе пайдаланушысы өтінішпен жұмыс істеудің барлық кезеңдерін көреді, кез келген уақытта орындаушының кім екенін біле алады. Бұл облыстық полиция департаментінің басқа мемлекеттік органдармен қатар …

Ақпараттық жүйенің артықшылығы Read More »