Автокөлікті қайта жабдықтау және басқа да қызметтер сияқты өзекті мәселелер бойынша полицияға тез, сенімді, ашық түрде жүгінуді “Е-Otinish” ақпараттық жүйесі – азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы жасаған ыңғайлы. Жүйе пайдаланушысы өтінішпен жұмыс істеудің барлық кезеңдерін көреді, кез келген уақытта орындаушының кім екенін біле алады.
Бұл облыстық полиция департаментінің басқа мемлекеттік органдармен қатар жүргізетін ашықтық саясатын іске асыруға ықпал етеді. Жыл басынан бері полицияға 5643 өтініш келіп түсті. Оның басым бөлігі, яғни екі мыңға жуығы сотқа дейінгі тергеу мәселелеріне қатысты тергеу және анықтау органдарында, бір мыңнан астамы әкімшілік және жергілікті полиция қызметтерінің желілері бойынша қабылданды. Сондай-ақ, көші-қон мәселелері, кадр саясаты және полиция жұмысының басқа да өзекті бағыттары бойынша жүгінген.
Любовь КОМПАНЕЦ, облыстық полиция департаментінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі басшының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі.