«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сенімді ақтаған серіктестіктер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Алтын сапа” және “Парыз” сыйлықтарын табыстау рәсімі өтті. Марапатталғандардың қатарында солтүстік­қазақ­стандық кәсіпорындар да бар.

Бизнестің әлеуметтік жауапкер­шілігін анық­тай­тын “Парыз” байқауында Мам­лют ауданына қарасты “Новоми­хай­ловское – 2003” жауапкершілігі шек­теулі серіктестігі лауреат атан­ды. Бұл байқауға қаты­суға 492 ұйымнан өтінім түссе, со­ның 161-і – ірі кәсіп­керлік субъектісі, 331-і – шағын және орта бизнес өкілдері.

“Новомихайловское – 2003” се­ріктестігі шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде “Үздік ұжым­дық шарт” аталымы бойынша күміс жүлдегер атанды. Аталмыш кәсіп­орын – өңірдегі озық шаруашылық­та­­рдың бірі. Дәнді және майлы да­қыл­дар өсіріп, мал шаруашылы­ғын да­мытуда. Сондай-ақ бұл меке­ме әлеуметтік саланы ұмыт қалдыр­­­май, ауылдағы ағайынға жайлы жағ­дай жасауда. Осы істері Пре­зи­дент және Үкімет тарапынан жо­ға­­ры ба­ғаланғанын атап өткен жөн.

– Біздің мақсатымыз – ауылды көркейту. Бұл бағытта ау­қымды жұ­мыстар атқардық. Қызмет­керлеріміз­ге жеті үй салып, зама­науи спорттық-сауықтыру ке­ше­нін тұр­ғыздық. Алда әлі талай әлеумет­тік нысан салу жоспарда бар. Жас ма­мандарға 1 млн. теңге кө­лемінде көтермеақы төлейміз. Бұл үлкен қол­дау болып отыр, – дейді “Новомихай­ловское – 2003” жауапкершілігі шек­теулі серіктесті­гі­нің бас ди­ректоры Геннадий Щего­лев.

Биыл “Алтын сапа” байқауына қатысуға 221 отандық компания өті­нім берді. Байқауда петропавлдық “SMBGROUP Family” жауапкер­шілігі шектеулі серіктестігінің жұмысы жоға­ры бағаланып, кәсіпорынға “Іскер” арнайы сыйлығы табыстал­ды. Қа­ра­ша айында “Қазақстанның үздік тауа­­ры” көрме-байқауының өңірлік ке­зеңінде 9 жеңімпаз компания анықталса, жетеуі Астанадағы рес­публикалық кезеңде өңіріміздің на­мысын қорғады. Олардың бірі – “SMBGROUP Family” жауапкерші­лігі шектеулі серіктестігі. Өндіріс ошағы 2020 жылдан бері “big bag” және “sling bag” қапшықтарын өнді­реді. Атал­ған кәсіпорын бұл бай­қауға ал­ғаш рет қатысып, “Алтын сапа” және “Қазақстанның үздік тауа­ры” көрмелерінде өз тауарын таныстырды.

Осыдан үш жыл бұрын “SMBGROUP Family” серіктестігі үдемелі индустрия­лық-инновациялық даму бағдар­ламасы­на және индустрияландыру кар­тасына енгі­зіл­ді. Қазіргі таңда ком­панияда 234 адам жұмыс істейді.

– Бізді еліміздің тау-кен өндіру са­ласындағы үздік компаниялары мо­йындады. “Іскер” сыйлығы жұ­мысы­­мызға берілген жоғары баға деп есептеймін. Біз тапсырыс беру­шінің талғамына сай қапшықтар өнді­ре­міз. Ол түрлі жүк­терді тасымал­дауға және сақтау үшін пай­даланы­лады. Қапшықтар 3,5 тонна жүкті көтере алады. Өнім­ді ішкі на­рықта да, көрші елдерге де саудалап жа­тырмыз. Тауарымыз­дың 40 пайы­зы экспортқа шыға­рылады, – дейді “SMBGROUP Family” жауап­кер­шілігі шектеулі серік­тестігінің ди­ректоры Мұқан Сәдуов. Қазіргі уа­қытта кәсіпорын зауыттың өндіріс­тік қуатын артты­руды көздеп отыр. Бұл мақсатқа жету үшін жаңа за­манауи құрал-жабдықтар орнатпақ.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp