«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Желтоқсан 13, 2023

Сенімді ақтаған серіктестіктер

Елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Алтын сапа” және “Парыз” сыйлықтарын табыстау рәсімі өтті. Марапатталғандардың қатарында солтүстік­қазақ­стандық кәсіпорындар да бар. Бизнестің әлеуметтік жауапкер­шілігін анық­тай­тын “Парыз” байқауында Мам­лют ауданына қарасты “Новоми­хай­ловское – 2003” жауапкершілігі шек­теулі серіктестігі лауреат атан­ды. Бұл байқауға қаты­суға 492 ұйымнан өтінім түссе, со­ның 161-і – ірі кәсіп­керлік субъектісі, 331-і – шағын және орта бизнес …

Сенімді ақтаған серіктестіктер Read More »

ӨҢІРДІҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРДІ

Мемлекет басшысы Солтүстік Қа­зақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовті қабылдады. Пре­зи­дентке Солтүстік Қа­зақстан облы­сының әлеуметтік-экономикалық да­муы ту­ра­лы есеп берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңір­дің шаруалары қиындықтарға қарамас­тан 3,7 миллион тонна астық жина­ғаны жөнінде баяндалды. Мем­лекет басшысына облыста 13 сүт ферма­сының құрылысы жүріп жатқа­ны, оның алтауы жыл соңына дейін іске қосылатыны жайында мәлімет бе­рілді. Аграрлық секторда сомасы 80 миллиард …

ӨҢІРДІҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРДІ Read More »

“Ұлы дала” жеңімпаздары

Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада “Amanat” партиясы­ның дәс­түрлі “Ұлы дала” рес­публикалық шығармашылық байқауы­ның қо­рытындысы салтанатты түрде жария­лан­ды. Биыл әдеби дода Алаш ақыны, ұлт қайраткері Мағжан Жұ­мабаевтың 130 жыл­дығына арналды. Сөз басында Мәжіліс спикері, “Amanat” партиясының төрағасы Ер­лан Қошанов ұлттық мүддеге сай келетін кітаптарды көптеп басып шы­ғару мәселесі әрдайым Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­­тың назарында екенін және мем­лекет, …

“Ұлы дала” жеңімпаздары Read More »

Лауазымды тұлғалар жазаланды

Өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұл­ғалары өздерінің электрондық цифрлық қолтаңбасының кілтін басқаларға заңсыз беріп келген. Мұны облыстық прокуратура мамандары тексеріс барысында анықтады. Қадағалаушы органның мәліме­тінше, Тайынша аудандық  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы  бө­лі­мінің басшысы “Электронды құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы талаптарын бұза отырып, электрондық цифрлық қол­таңбаның жеке кілтін бас маманға беріп қойған. …

Лауазымды тұлғалар жазаланды Read More »

Еліктер осылай жосады екен…

Өңірде елік көбейді. Олардың көптігі соншалық, елді мекен көше­леріне де кіре бастаған. Табиғат жанашырлары жануарларды атуға бол­майтынын еске салады. Соңғы күндері әлеуметтік желіде еліктерге қатысты бейнежазбалар кө­бейді. Біреуінде бұл жануарлар елді мекеннің көшесіне кіріп кетсе, енді бірінде автомобиль жолында жүр. Жол жиегінде жайылған үйір-үйір елік адамдардан үрікпейтін болған.  Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу …

Еліктер осылай жосады екен… Read More »

Дәмханаларда дау көп

Қалалық әкімдік қабырғасында өткен жиында шаһардағы ойын-сауық мекемелерінде құқық бұзушылық көбейгені жайлы айтылды. Прокуратура өкілдерінің сөзінше, Петропавлда күні-түні жұмыс істейтін көңіл көтеру орындары бар. Олардың басым бөлігінде ішімдік сатылады. Заңға қайшы әрекеттер де осы шайтансудың кесірінен орын алады екен. Бұл арнайы талдау кезінде анықталыпты. – Биыл 28 адам әкімшілік жа­уапкершілікке тартылды. Қалада 700-ге жуық адамның …

Дәмханаларда дау көп Read More »

Мұғалімдер арасындағы дебат

Назарбаев зияткерлік мектептерінің 15 жыл­дық мерейтойына орай Петропавлда мұғалімдер арасында “Қос аңыз” рес­публикалық пікірсайыс турнирі ұйымдасты­рыл­ды. Оған еліміздің өңір­лерінен қазақ лигасының 12 командасы қатысты. Екі күн бойы Астана, Пав­ло­дар, Ұлытау, Семей, Қостанай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан өңірлерінің мұғалімдері қоғам­ның өзекті мәселелерін ортаға салып, өзара талқылап, шешу жол­да­рын ұсынды. Семей қала­сын­да­ғы Назарбаев зияткерлік мекте­бінің тарих пәнінің мұғалімі …

Мұғалімдер арасындағы дебат Read More »

Үйдегі музей

Эльдар Алимкиннің үйінде аза­маттық қорғаныс құралдарының түр-түрі бар. Негізінен өткен ғасырдың 70-80 жылдарына тиесілі 40-қа жуық жәдігер топтастырылыпты. Оның көпшілігі бүгінде өте сирек кездеседі. Облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының поли­цейі Эльдар Алимкиннің үйіндегі музей де радиа­ция­лық қорғаныс жабдықтары, дозиметр, жауынгердің химиялық қорғаныс костюмінің жиынтығы, каска, тіпті осы салаға қатысы бар оқулықтарды да кездестіруге болады. “Бала …

Үйдегі музей Read More »

Дәстүрлі дода

Петропавлда кикбок­синг­тен халықаралық дәре­жедегі спорт шебері Аза­мат Нұрпейісовті еске алу­ға арналған турнир өтуде. Жарысқа еліміздің 9 өңірінен 70-ке жуық спортшы қаты­сып жатыр. Жыл сайын Петропавлда “Қы­зылжар” деген атаумен жерлесіміз Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған турнир өтеді. Дәстүрлі жарыс биыл да жалғасын тапты. Шаршы алаңда өңір намысын 20 спортшы қорғауда. – Турнирде ерлер 12 салмақ дә­режесі …

Дәстүрлі дода Read More »

Көрші елден қашқан қылмыскерлер

Облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы Ресей Федерациясының шекаралас облыстарындағы әріптестерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері туралы хабарлады. Қорған облысы­ның іздеуде жүр­ген үш қылмыскерінің біздің өңірде жүргені анықталды. Олардың бірі өз елінде заңсыз кәсіпкерлікпен ай­налысқан. 47 жастағы Ресей аза­маты еліне экстрадицияланды. 2023 жылдың наурыз айында «Із­дестіру» мемлекетаралық іс-шарасы аясында криминалдық поли­ция қыз­меткерлері Қызылжар ауда­нындағы ауылдардың …

Көрші елден қашқан қылмыскерлер Read More »

ЖАСТАРҒА ЖІГЕР БЕРГЕН

Дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери даярлық өңірлік оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыста соңғы бір жылда патриоттық тәрбие бағытында атқарылған шаралар қорытындыланып, осы салада белсенді жұмыс істеп жүргендер марапатталды. Өңірде алғашқы әскери дайын­дық сабақтары 368 білім ошағында беріледі. Онда 360-тан астам педа­гог тәлім береді. Бұл жолғы шараға жастар мен аға буын өкілдері қаты­сып, ересектер көрген-білгендерімен бөлісіп, …

ЖАСТАРҒА ЖІГЕР БЕРГЕН Read More »

Заманауи өнер алаңы

Озық ойлы, жаңаша көзқарасы бар жастар кәсіптің қай бағытында да өзгерістер жасап, жаңа салалардың қыр-сырын меңгеріп келеді. Заманмен бірге адымдайтын, жаңаға жаны құмар жастардың еркін ойлап, батыл шешімдер қа­былдай алатыны қуантады. Әсіресе жастар шығармашы­лығы саласында қолға алынған тың жобалар ертеңнен көп үміт күттіреді. Сондай игі бастамалардың бірі ретінде биыл ғана облыс орталығында өз жұмысын бастаған …

Заманауи өнер алаңы Read More »

Ұрпақтар теориясы: Z буын

Ғалымдар әр жиырма жыл сайын қоғамдық ахуал ауысып, заман бей­несінің жаңарып отыратынын айта­ды. Өмірде тұрақты ештеңе жоқ. Бү­гінгі күні мызғымас берік болып кө­рінетін қағидалар мен ережелер күні ертең келер ұрпақтың ықпалымен өзгеріске ұшырап, тіпті теріске шығарылуы да мүмкін. Дүниежүзін­дегі ірі саяси өзгерістер, әлемді елең еткізер айтулы оқиғалар да адам­дар­дың жүріс-тұрысына, өмір сал­тына әсер етеді. Осылайша …

Ұрпақтар теориясы: Z буын Read More »

Алаштың біртуар ғалымы

Химик-металлург, ғалым, сөз зергері, қоғам қайраткері Евней Бөкетовті солтүстікқазақстандықтар мақтан тұтады. Өңірімізде түрлі салада аты шығып, артында хатын қалдырған бірнеше ғалым болса, солардың белортасында ойып алар орны бар тұлға – Евней Арыстанұлы. Оның жүріп өткен өмір жолына назар салатын болсақ, біртуар жанның жарқын келбетін, ұлтқа, ғылымға деген шексіз сүйіспеншілігін көреміз. Шығармашылық пен ізденістің қос тізгінін …

Алаштың біртуар ғалымы Read More »

ШӘКІРТТІҢ ЖАҚҚАН ШЫРАҒЫН

“Мұғалім деген ат – қасиетті ат. Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам – мұғалім” , – депті жерлес жазушы Сәбит Мұқанов. Иә, шәкірт жүрегіне білім нәрін құюды мақсат еткен, осы жолда аянбай тер төгіп жүрген ұстаздардың еңбегі қандай құрметке болсын лайық. Біздің өңірімізде ұстаздықты өмі­рінің алтын …

ШӘКІРТТІҢ ЖАҚҚАН ШЫРАҒЫН Read More »

Қандаладан қауіп көп

Соңғы жылдары әлемнің ірі мегаполистерінде қандала қаптап, бұл үлкен әлеуметтік-саяси мәселеге айналып отыр. Көзге оңайлықпен көрінбейтін, түнде “жорыққа” шы­ғып, адам қанымен қоректенетін паразит мазаны қашырып қана қой­майды, оның түрлі аурудың қоздырғышы ретінде денсау­лыққа келтірер зияны орасан. Петропавлда дезин­фекциялық орталыққа түсетін шақыртулардың басым бөлігі осы зиянкестермен күреске қатысты екен. “Ұлттық сараптама орталығы” республикалық мемлекеттік кәсіп­орны “Сол­түстік …

Қандаладан қауіп көп Read More »