«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАРҒА ЖІГЕР БЕРГЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери даярлық өңірлік оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыста соңғы бір жылда патриоттық тәрбие бағытында атқарылған шаралар қорытындыланып, осы салада белсенді жұмыс істеп жүргендер марапатталды.

Өңірде алғашқы әскери дайын­дық сабақтары 368 білім ошағында беріледі. Онда 360-тан астам педа­гог тәлім береді. Бұл жолғы шараға жастар мен аға буын өкілдері қаты­сып, ересектер көрген-білгендерімен бөлісіп, жастардың бойына жігер берді.

– Биылғы жылдың қорытынды­лары көңіл толарлықтай. Әскери-патриоттық бағытта 7 спартакиада ұйымдастырылды. Өңір жастары рес­публикалық шараларға да бел­сенді қатысты. Биыл солтүс­тікқазақстандық өрендер Қараған­дыда өткен “Айбын” жарысында жақсы өнер көрсетті. Облысы­мыз­дың командасы республикалық қысқы “Қалқан-2023” спартакиа­дасының жеңімпазы атанды, – дейді дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери даярлық өңірлік оқу-әдістемелік орталығының директоры Қанат Сәдуақас.

Бүгінде облыста 347 “Жас сар­баз” патриоттық клубы жұмыс іс­тейді. Онда 5 мыңнан астам жас тәлім алады. Одан бөлек 600-дей өрен – әскери-техникалық бағыт­тағы клубтардың мүшесі.

– Әр буынның мойнына жүкте­лер өз міндеті болады. Бізге дейін­гі­лер небір қиын кезеңдерде елді жау­дан қорғап, қайсарлық танытты. Бей­біт кезеңде де елдің әскери қуа­тын ны­ғайтып, батырлықтың үлгі­сіне ай­налған жандар табылып жатты. Бү­гінгі жастарды да сондай рухта тәр­биелеуіміз керек. Осы ретте ұр­пақ­тар сабақтастығының алар орны ай­рықша, – дейді облыс бойынша қа­рулы күштердің арда­герлер кеңе­сі­нің төрағасы Қалиолла Сауытбеков.

Диас АЯҒАН,

 “Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp